Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қасиетті «Құрбан айт» мерекесі қарсаңында облыс тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан улану және жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында келесі талаптардың сақталу қажеттігін еске салады.
• Құрбандық шалуды арнайы белгіленген мал сою орындарында жүзеге асыру;
• «Құрбан айт» мерекесін тойлау кезінде санитариялық талаптарды сақтау (тағам дайындау технологиясын сақтау, өнімнің қауіпсіздік құжаттарының болуы, сапасы, сақталуы мерзімі мен тасымалдануы);
• мұқтаж адамдарға ет өнімдерін (құрбандыққа шалынған жануарлардың еті) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
• құрбандыққа шалынатын малдың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігіне яғни, ветеринарлық құжаттарының болуына назар аудару;
• мал соятын орындарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
• пайдалануға жарамсыз немесе қауіпті ет және ет өнімдерін тұтынбау;
• терінің іріңді аурулары бар, іріңді кесілген, күйген терісі сыдырылған, сондай-ақ инфекциялық аурулармен ауыратын және инфекциялық ауруларға күдікті адамдарды мал союға қатыстырмау;
• Қасапшылар мен қызметкерлердің арнайы киімдерінің, жеке медициналық кітапшаларының болуы;
• Қоғамдық тамақтану орындары мен мешіттерде, халықтың көп шоғырланатын орындарда санитариялық талаптарды сақтау, желдету мен ауа баптауға, мал сою кезінде жиналған қалдық-қоқыстар уақытылы шығарылып, қақпағы бар беті жабық контейнерлер орнату;
• Үздіксіз су қорымен қамтамасыз ету және сою орындарының іргелес аумағының санитарлық тазалығына назар аудару;
• Шикі және дайын тағамдардың бірге сақталуына жол бермеңіз, ал олардың сапасыздығына қандай да бір күдік пайда болса, тағамдарды қолданудан алып тастау керек.
Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларды сақтамау халық арасында тамақтан улану және аса қауіпті, жіті ішек инфекциясы жағдайларының туындауына ықпал етуі мүмкін.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті