13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

31 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан мен АҚШ стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Вашингтон, 2024 жылғы 31 мамыр — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин және АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі Комиссияның алтыншы отырысын өткізді.

Екі елдің мемлекеттік органдары мен ведомстволары өкілдерінің қатысуымен өткен іс-шара барысында тараптар өткен кезеңдегі бірлескен жұмыстың қорытындыларын тамамдап және екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ағымдағы мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіріп», саяси және экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ адами өлшем аспектілеріне ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті дамыту және тереңдету жөніндегі алдағы кезеңге деген жоспарларды айқындады.

Қатысушылар ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің АҚШ-қа сапарының және Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкенмен кездесуінің қорытындыларын талқылады.

А. Рахметуллин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген саяси және демократиялық қайта құрулардың екіжақты күн тәртібінің негізгі мәселелерімен сәйкес келуін, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі элементтерінің бірі болып табылатын инфрақұрылымдық жобалар мен көлік бағыттарын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Келіссөздер барысында тараптар энергетика және маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

Америкалық тарап, өз кезегінде, өткен жылдың қыркүйегінде өткен «С5+1» мемлекет басшылары саммитінің қорытындысы бойынша іске қосылған жобаларға ерекше назар аудара отырып, екіжақты серіктестіктің тұрақты ілгерілеуін жоғары бағалады.

Комиссия отырысының қорытындысында тараптар өзара тиімді негізде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыруға дайындығын растады.

Қазақстандық делегацияның сапары аясында АҚШ Әкімшілігінде, Мемлекеттік департамент басшылығымен, Сауда өкілінің Кеңсесімен және АҚШ-тың басқа да мүдделі ведомстволарымен жеке кездесулер өтті. Сонымен қатар, америкалық азаматтық қоғам өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оның барысында қазақстандық тарап елдегі адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұлттық заңнамадағы жаңа еңгізілімдер туралы хабардар етті.

Тараптар Қазақстан-Америка арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссиясының кезекті отырысын 2025 жылы Астана қаласында өткізуге уағдаласты.

Previous Post

Олжас Бектенов пен Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Януш Войчеховский азық түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Next Post

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі