13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Олжас Бектенов пен Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Януш Войчеховский азық түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты талқылады

31 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Олжас Бектенов пен Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Януш Войчеховский азық түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты талқылады
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен агроазық-түлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Кездесуге қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігінің ерекше маңызды екенін атап өтті. ЕО нарығына азық-түлік экспортын арттыру шаралары, сондай-ақ АӨК өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша бірлескен жобалар құру мәселелері қаралды.
Қазақстан мен ЕО елдері ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа стандарттарын арттыру және фермерлерді қолдау саясатын жалғастырады. Аталған бағытта озық аграрлық технологияларды енгізу саласындағы өзара іс-қимылды күшейту, өзгермелі климаттың ауыл шаруашылығы саласына теріс әсерін азайту мәселелерінде тәжірибе алмасу қажеттігі атап өтілді.
«Агроөнеркәсіптік кешен біздің экономикамыздың маңызды секторларының қатарына кіреді. Еліміздің сапалы және экологиялық таза органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы әлеуетін, сондай-ақ Еуропа тарапынан артып келе жатқан сұранысты ескере отырып, біз қазақстандық тауарларды Еуропа нарығына экспорттау номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жандандыруымыз қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Януш Войчеховский Қазақстанда инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды атап өтіп, ЕО елдерінің екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады. Сондай-ақ өзара саудадағы кедергілерді жою және заңнаманы үйлестіру шараларына назар аударылды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы екіжақты тауар айналымының оң динамикасы айтылды. Жалпы, тартылған инвестициялардың 40%-дан астамы және Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30%-ы ЕО елдерінің үлесіне тиесілі. Бір жыл ішінде сауда көлемі 3,5%-ға өсіп, $41,4 млрд-қа жетті, оның $31 млрд-ы қазақстандық экспортқа тиесілі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасында ерекше белсенділік байқалады: индикатор 13,4%-ға ұлғайды. ЕО елдеріне отандық өндірушілердің негізгі экспорттық тауарларына бидай, зығыр тұқымы, рапс, өңделген дәнді дақылдар және басқа да санаттар жатады. Жоғары деңгейде өңделген өнім экспортының үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Previous Post

Серік Жұманғарин Вьетнамға ТХКБ қуатын пайдалануды және Қазақстанда электромобильдерге арналған батареяларды шығаруды ұсынды

Next Post

Қазақстан мен АҚШ стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі