13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ресей Қазақстан үшін қант квотасын жазғы маусымға дейін тағы 100 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр

31 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Ресей Қазақстан үшін қант квотасын жазғы маусымға дейін тағы 100 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы 17 мамырда Қазанда (РФ) Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин мен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчуктың төрағалығымен өткен кездесуде келісілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 3 мамырында Ресей Федерациясының үкіметі осы жылдың 31 тамызына дейін қант шығаруға уақытша тыйым салу туралы қаулы қабылдады. Қазақстан үшін 120 мың тонна көлемі қарастырылған. Қоймалардағы және квота шеңберінде бөлінетін қолдағы қордың көлеміне қарамастан, қантты тұтынудың ең жоғары саналатын жаз маусымы қарсаңында қазақстандық тарап екіжақты кездесуде қант жеткізу квотасын тағы 100 мың тоннаға ұлғайту мәселесін көтерді. Алдын ала келісім алынды, енді квотаны ұлғайту мәселе 29 мамырда ЕЭК Кеңесінің отырысында қаралмақ.

Сондай-ақ кездесуде ағаш материалдарын Ресейден Қазақстанға әкету үшін өткізу пункттерінің санын көбейту мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында тек 6 өткізу пунктінен шығару ғана рұқсат етіледі. Енді Қазандағы кездесудің қорытындысы бойынша Ресей тарапы жақын арада тағы 4 автокөлік өткізу пунктін ашуға дайын екенін білдірді.

Тараптар сондай-ақ өзара сауда аясында тасымалданатын көліктер мен жабдықтарға электронды төлқұжат беру мәселелері бойынша уәкілетті құрылымдар арасында өзара іс-қимылды жедел орнатуға келісті. Сонымен қатар Шүлбі МАЭС екінші кезегін салу, Ертіс суларын пайдалану бойынша жоспар құру және басқа да мәселелер талқыланды.

Сол күні Қазанда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Марат Хуснуллинмен, Татарстанның Раисы Рустам Миннихановпен кездесіп, ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Серік Жұманғарин Kazanforum жұмысына қатысып, Қазақстан атынан сөз сөйледі.

 

Previous Post

Түркі инвестициялық қоры өз қызметін ресми түрде бастады

Next Post

Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстанның әлеуметтік саладағы жаңалықтарын жоғары бағалайды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі