13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстанның әлеуметтік саладағы жаңалықтарын жоғары бағалайды

31 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстанның әлеуметтік саладағы жаңалықтарын жоғары бағалайды
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Еуропа мен Орталық Азия бойынша өңірлік бюросының директоры Беат Андреспен кездесті.
Вице-премьер Халықаралық еңбек ұйымына ең төменгі еңбекақы мөлшерін анықтау әдістемесін әзірлеуде көрсеткен техникалық қолдауы үшін алғыс білдірді. Бүгінде ол жұмыс берушілер мен жұмысшылар өкілдерімен келісіліп, бекітілді. Енді ең төменгі жалақы медианды кіріс пен еңбек өнімділігіне байланысты анықталады. Биыл оның мөлшері 85 мың теңгені құрайды.
Сонымен қатар Тамара Дүйсенова ХЕҰ өкілдерінің назарын платформа арқылы («Яндекс», Glovo және т. б.) жұмыспен қамтылғандардың ісін рәсімдеу бойынша Үкімет атқарып жатқан жұмысқа аударды. Қазіргі таңда «Яндекс» компаниясымен бірлесе пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Оның аясында салық пен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеліп, такси жүргізушілерінің орнына компания арқылы төленеді. Ал платформаға тіркелу үрдісі едәуір жеңілдетілді.
Тамара Дүйсенова Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбоның әлеуметтік әділдік үшін жаһандық коалициясы туралы бастамасын қолдайтынын атап өтті.
Өз кезегінде Беат Андрес Қазақстандағы еңбек және халықты әлеуметтік қолдау саласындағы енгізіліп жатқан жаңашылдықтарға, сондай-ақ ҚР Үкіметі қабылдаған қауіпсіз еңбек пен еңбек нарығын дамыту тұжырымдамаларына жоғары баға берді.
Айта кетейік, ХЕҰ өңірлік бюросының директоры елімізге екі күндік сапармен келді. Оның аясында кәсіподақ ұйымдары және ірі кәсіпорын басшыларымен кездесу жоспарланған.
Сонымен қатар биыл Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбо Қазақстанға сапармен келеді деп күтілуде.

Previous Post

Ресей Қазақстан үшін қант квотасын жазғы маусымға дейін тағы 100 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр

Next Post

Қазақстан-Малайзия инвестициялық дөңгелек үстелі: бірлескен жобалар туралы келісімдерге қол қойылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі