13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркі инвестициялық қоры өз қызметін ресми түрде бастады

31 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркі инвестициялық қоры өз қызметін ресми түрде бастады
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше Басқарушы елдер кеңесінің (ТИҚ) алғашқы ұлықтау отырысы өтті. Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстан тарапынан Қордың Басқарушылар кеңесінің өкілі болды.

Түркі инвестициялық қоры – түркі әлемі экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты. Қордың бастапқы капиталы $500 млн-ды құрайды. Оны құрудың басты мақсаты – Түркі елдері арасындағы экономикалық және коммерциялық қатынастардың дамуын қамтамасыз ету. Түркия Қаржы министрлігінің бағалауы бойынша 2024 жылдың соңына қарай түркі мемлекеттері әлемдік экономикада маңызды орын алады. Яғни, экономика көлемі $1,9 трлн-ға және халық саны 178 млн адамға жетеді деп күтілуде.

Нұрлан Байбазаров Қазақстан үшін түркі интеграциясын дамытудың айрықша маңызды екенін атап өтті:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қор қызметінің басталуын толығымен қолдайды. Аталған Қор қатысушы елдердің экономикалық өсуі мен дамуының катализаторы болатынына және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге әрі бірлескен жобаларды іске асыруда тиімді өзара әрекеттестікке ықпал ететініне сенімдімін», — деді ол.

Қор қызметі барысында инфрақұрылымды, жаңартылатын энергия көздерін, ауыл шаруашылығын, туризмді, IT және басқа да. бағыттарды қамтитын түрлі секторлардағы бірлескен жобаларды қолдауға басты назар аударылады.

Мұндай жобаларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканы әртараптандыруға бағытталады. Қазақстанға түркі әлемінің белсенді қатысушысы болуға, жобалар үшін қаржыландыру, гранттар мен техникалық көмек алуға, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының өңірі аясында және одан тыс жерлерде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімге 2023 жылдың 16 наурызында Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті аясында қол қойылған болатын. Құрылтайшы елдер қатарында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия бар.

Previous Post

Әскери қызметшілерге қауіпсіздік шараларын сақтау туралы еске салынды

Next Post

Ресей Қазақстан үшін қант квотасын жазғы маусымға дейін тағы 100 мың тоннаға арттыруды жоспарлап отыр

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі