13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әскери қызметшілерге қауіпсіздік шараларын сақтау туралы еске салынды

31 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Әскери қызметшілерге қауіпсіздік шараларын сақтау туралы еске салынды
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілерімен жазғы оқу кезеңі басталар алдында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кешенді нұсқау-әдістемелік сабақтар өтті.

Сабақтар барысында әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық бағдарламасының іс-шараларын және күнделікті қызметті орындау барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау қағидаларымен танысты.
Әскери бөлімнің аумағында жауынгерлік техника паркі аймағында, казармалық үй-жайларда, спорттық және қарауыл қалашықтарында, тактикалық алаңда және әскери қызмет атқаратын басқа да орындарда көрнекі құралдарын пайдалана отырып оқу орындары ұйымдастырылды. Техника мен қару-жарақпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарын толық көлемді макеттер мен манекендерде көрсетуге ерекше назар аударылды.
Сабақ жетекшілері жанар-жағармай материалдарын пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын сақтау, қаруды дұрыс қолдану, шаруашылық жұмыстарды және өртке қарсы қауіпсіздікті, дене шынықтыру жаттығуларын орындау бойынша нұсқаулықтар өткізді, сондай-ақ техниканы пайдалану ерекшеліктері мен қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, өрт және электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау, түрлі жарақаттар алған кезде алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқаулық өткізілді.
Бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин атап өткендей, сабақтарды тәжірибелі нұсқаушылар өткізеді. Олар ішкі және күзет қызметін атқару, сондай-ақ аумақта ішкі тәртіпті ұйымдастыру кезінде туындауы мүмкін негізгі проблемалық тақырыптарды айқын көрсетеді.
— Әскери қызметші бөлімде немесе отбасында жұмыс істеген кезде кез келген қауіптің алдын алуға дайын болуы керек. Біз әскери техникада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша профилактикалық жұмыс жүргіземіз. Техника мен қару-жараққа қызмет көрсету жұмыстары барысында жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптарына жауап беретін қажетті жағдайлар жасалады, әскери қызметшілерді барлық қажетті материалдық жағдайлармен қамтамасыз етеді, — дейді әскери бөлімнің командирі полковник Әмірқожа Айтқожин.
Қауіпсіздік талаптары бойынша сабақтар Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін жауынгерлік даярлау жоспарына сәйкес жеке құрамның 100% тарта отырып, 1 маусымда басталатын жазғы оқу кезеңі қарсаңында өтті.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА «ZHAS PROJECT» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Next Post

Түркі инвестициялық қоры өз қызметін ресми түрде бастады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі