13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда ағымдағы жылдың 11 айында 98,1 млн. тонна көмір өндірілді

23 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда ағымдағы жылдың 11 айында 98,1 млн. тонна көмір өндірілді
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары ағымдағы жылдың 11 айында 98,1 млн.тонна көмір өндірді. Өз кезегінде энергия өндіруші кәсіпорындарға 52,9 млн. тонна көмір тиелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7% — ға артық. Өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,1 млн. тонна көмір жөнелтілді, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 9,4 млн.тонна көмір тиелді. Көмір экспорты шамамен 26,4 млн.тоннаны құрады.

2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн. тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн. тонна, тұрғындар – 7,2 млн. тонна болады.

2020 жылғы 20 желтоқсандағы жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір қорымен қамтамасыз ету 90,8% — ды, халықты 97,1% — ды құрайды.Өткен жылыту маусымының осындай кезеңінде қамтамасыз ету: коммуналдық-тұрмыстық сектор 89,5%, тұрғындар 89,6% құрады.

Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті. Сондай-ақ, БҚО, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері халыққа көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті.

Әкімдіктердің ақпараты бойынша, өңірлердегі халық үшін көмірдің бағасы тоннасына 6000 теңгеден 19000 теңгеге дейін құрайды.

Коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар және халық үшін көмірдің негізгі көлемі тауар биржалары арқылы сатылады. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік және халық үшін көмір бағасы көмір разрезінің жөнелту бағасынан, тасымалдауға кеткен темір жол тарифтерінен, жылжымалы құрамды күтіп-ұстау, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа жеткізетін делдалдық ұйымдардың және жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады.

Кеніштің бортындағы баға тоннасына 2800 теңгеден 8200 теңгеге дейін құрайды және көмір өндіру технологиясына байланысты. Елдің энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындарына көмір тікелей шарттар мен разрездердің босату бағалары бойынша тиеледі.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

"Nur Otan" партиясының үміткерлері "Ақ Жол" ЖШС ұжымымен кездесті

Next Post

Армия дзюдошылары Қазақстан чемпионатында ерекше көзге түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі