13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Армия дзюдошылары Қазақстан чемпионатында ерекше көзге түсті

23 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Армия дзюдошылары Қазақстан чемпионатында ерекше көзге түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтауда дзюдодан өткен ел біріншілігінде орталық спорт клубының нұсқаушы спортшылары 5 медалді еншіледі.

Үздіктердің қатарынан көріну үшін еліміздің құрама командаларының мықты спортшылары бақ сынасты. Жарысқа Қазақстанның барлық облысы мен үш қаласынан барлығы 273 адам қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша армия спортшылары  арасында ефрейтор Әділ Оразбаев 100 кг астам салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болып, республика чемпионы атанды.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қоржынына күміс жүлдені лейтенант Ғұсман Қырғызбав (66 кг) және ефрейтор Ерасыл Қажыбаев (100 кг жоғары) салды. Ал Әділет Мисин (90 кг) мен лейтенант Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) қола жүлдені қанжығасына байлады.

«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біздің спортшылар лайықты сайыс көрсете білді. Қазақстан чемпионатында екінші орынға ие болғаныма өкінбеймін. Осы салмақ дәрежесінде алғаш рет сынға түстім. Финалда ағам Ғұмарға қарсы күресемін деп ойладым, бірақ ол жартылай финалда жеңіліп, үшінші орынға табан тіреді. Чемпионатты қорытындылап, келесі жылдың қаңтарында жаңа маусымға дайындалу жоспарда бар», — деп өз ойымен бөлісті армия спортшысы Ғұсман Қырғызбаев.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақстанда ағымдағы жылдың 11 айында 98,1 млн. тонна көмір өндірілді

Next Post

Ұстаздарды қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі