13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясының үміткерлері «Ақ Жол» ЖШС ұжымымен кездесті

22 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
«Nur Otan» партиясының үміткерлері «Ақ Жол» ЖШС ұжымымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

«Nur Otan» партиясынан Созақ аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ролан Әлжанов пен Бақдаулет Қордашбеков «Ақ Жол» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуде олар серкітестік қызметкерлеріне Түркістан облысы, Созақ ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үміткерлердің сөзінше, «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды.

 

Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады. Нәтижесінде аудан тұрғындары алдағы 5 жылда таза ауыз суға, сапалы жолдарға, кеңжолақты интернет-кабельдік телевидения желісіне қосылуына, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Кездесуде сондай-ақ, жастарды қолдау мәселесіне ерекше назар аударылды. Үміткер Ролан Әлжановтың айтуынша, Созақ ауданында 14 мыңнан астам жастар бар. Бұл аудан халқының 24%-ын құрайды. Профилактикалық есепте тұрған жастар саны 43-ті құрайды. Жастар ресурстық орталығы жұмыс жасайды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша жастар практикасымен 203 адам, тұрақты жұмысқа орналасқан 1110 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 122 адам, атаулы әлеуметтік көмек алған жастар саны 250 адамды құрады. 57 ерікті жастар 300 отбасыға көмек көрсетеді. Аудандағы жастар жұмыссыздығы 3,1%-ды құрайды. Егер «Nur Otan» партиясы ұсынған бағдарлама жемісті жүзеге асса, 2025 жылға қарай аудандағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 0,8%-ға төмендеп, жастардың  рухани, адамгершілік, азаматтық және денешынықтыру мәдениеті көтеріледі деп күтілуде.

«Ақ Жол» ЖШС жұмысшыларымен өткен кездесуде, білім беру, медицина және әлеуметтік салаға қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, азаматтардың талап-тілектері тыңдалды. Серіктестік қызметкерлері еліміздің даму жолында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқынды екендігін айтып, алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасаймыз деп тарқасты.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Созақ ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Tags: 13kz13kz.kz13кзNur OtanНұр ОтанСозақ ауданыТүркістанТүркістан облысы“Nur Otan” партиясы
Previous Post

Nur Otan: В ближайшие 5 лет в Сайраме количество субъектов малого и среднего бизнеса достигнет 20 тысяч

Next Post

Қазақстанда ағымдағы жылдың 11 айында 98,1 млн. тонна көмір өндірілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі