13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан күллі Түркі әлемі үшін тарихи және географиялық тұрғыдан үлкен маңызға ие – Дархан САТЫБАЛДЫ

22 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістан күллі Түркі әлемі үшін тарихи және географиялық тұрғыдан үлкен маңызға ие – Дархан САТЫБАЛДЫ
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы қаймағы бұзылмаған қазақтың қарашаңырағы. Берекесі ұйыған киелі мекен. Мағжан ақын жырлағандай: «Екі дүние есігі, Ер Түріктің бесігі». Түркі әлемінің рухани ордасы. Еліміздің тұңғыш ПрезидентіН. Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан», — деген болатын. Түркістан шаһары облыс орталығы ғана емес, еліміздегі ұлттық болмысымыздың, рухани қазынамыздың орталығы.

Рухани-мәдени байланыс беки түскенін атап өтті. Түркістанда Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісінің төрағасымен кездесу өтті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы, профессор, доктор Нуман Куртулмуштың қатысуымен «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» тақырыбында кездесу өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстан мен Түркия арасында берік қатынас орнап, ортақ құндылықтарымыз тереңдеп, рухани-мәдени байланысымыз беки түскенін атап өтті.

«Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіңізді арнайы қабылдап, екі елдің стратегиялық серіктестігін арттыру бағытындағы жоспарлар пысықталды. Әсіресе, Түркістан шаһарын көне келбетін сақтай отырып, жаңа бағытта дамытуда Түркияның қосқан үлесі зор. Түркістан қаласы тек Қазақстан үшін емес, күллі Түркі әлемі үшін тарихи және географиялық тұрғыдан үлкен маңызға ие» — деген облыс әкімі Қазақстан, оның ішінде Түркістан облысы мен Түркияның жүзеге асқан ортақ жобалары туралы кеңінен баяндады.

Ал, қадірменді қонақ, Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы, профессор, доктор Нуман Куртулмуш өз тілегін жеткізіп, екі ел арасындағы бауырластық жайлы баяндады. Алқалы жиын соңында Нуман Куртулмушқа Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекова университет атынан сый-сияпаттар табыстап, иығына шапан жауып қонақжайлықтың үлгісін көрсетті. Сондай-ақ дәстүр бойынша құрметті қонақтар Ахмет Ясауи университетінің жасыл алаңына көшет отырғызды.

 

Previous Post

Чума – особо опасное заболевание

Next Post

ҚАЛА ӘКІМІ ДАҢҚТЫ СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі