13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БҰҚАРБАЙ ПАРМАНОВ I ТОҚСАН БОЙЫНША АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫН БЕРДІ

22 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БҰҚАРБАЙ ПАРМАНОВ I ТОҚСАН БОЙЫНША АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫН БЕРДІ
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов Шымкент қаласы Абай ауданының 2024 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы арнайы баспасөз конференциясын берді.
Баспасөз конференциясында Абай ауданының әкімі Бұқарбай Рысқұлұлы аудандағы бір қатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерге тоқталып өтті.
Абай ауданы аумағында жалпы 27 елді мекенде 55 159 жеке сектордағы үй, 205 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан. Жалпы саны 257,7 мың халық орналасқан ауданда 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысандар бар.
Мәселен бүгінгі таңда Абай ауданының 23 елді мекені табиғи газбен 85,2% қамтылған. Ал табиғи газбен қамтылмаған елді мекендер пайыздық көрсеткіште 14,8% құрап отыр. Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында 86 көшеге бюджеттік өтінім беріліп, 500,0 млн.тг қаржы қаралған.
-Абай ауданы бойынша 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған. Ал, 5 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде ауданның инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткішіне тоқталар болсақ, аудан сапалы ауыз су және электр жарығымен 100% қамтылған.
Қазіргі таңда Асар-2 шағын ауданында электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 2 тоқсанында аяқталды деп күтілуде,-деді Бұқарбай Парманов.
Сонымен қатар Абай ауданы бойынша «ТАЗА ӨЛКЕ», «КИЕЛІ МЕКЕН», «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ», «ЖАСЫЛ АЙМАҚ, «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» және «МӨЛДІР БҰЛАҚ» акциялары аясында тазалық жұмыстарын кең көлемде ұйымдастырылып, ауданында 950 метр куб қоқыс шығарылған.

Previous Post

«АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОДАН ӘРІ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗДАР»

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУІ 16 МАМЫР МЕН 5 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі