13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУІ 16 МАМЫР МЕН 5 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ

22 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ БІРІҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУІ 16 МАМЫР МЕН 5 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева соңғы қоңырауды тойлау кезінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері бойынша арнайы баспасөз конференциясын берді.
Биыл Шымкент қаласы бойынша 13 286 оқушы 11 сыныпты аяқтаса, 21 777 оқушы 9 сыныпты тәмәмдайды. Бітіруші түлектерге арналған аттестаттарды сатып алу үшін бүгінде бюджет есебінен 31 млн. 235 мың 674 теңге қаржы қаралып, тапсырыс берілген.
— Биыл қала бойынша мектеп бітіруші 13 286 түлектің 12 066-сы ҰБТ тапсыруға өтінім білдірген. Биыл Ұлттық біріңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ қатысушы түлектердің деректер базасына тіркелуі 2024 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында жүргізіледі. Қатысушыларға аталған уақыт аралығына дейін тестілеуге 2 рет өтініш беруге мүмкіндік беріледі, — деді Нұргүл Шәмшиева.

2024 жылығы ҰБТ қаламыздың 695 орындық «U-Study» 3 (үш) аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі.
Атап айтқанда;
1. Т. Рысқұлов к-сі, №175а, 119 орындық тест орталығы; 2. 8-март к-сі, №22 296 орындық тест орталығы;
3. Алматы тасжолы, №138/13 200 орындық тест орталығы.
Барлық орталықтар қажетті техникалық құралдармен, сондай-ақ тест орталықтары жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, психолог және медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілген.

Сондай ақ, биыл 11-сыныпты бітіретін 13 286 оқушының 458-і «Алтын белгіге» үміткер санатына енген. Ал «Үздік аттестатқа» 11 сынып бойынша 641 оқушы үміткер болса, 9 сыныптар бойынша 1158 оқушы үміткерлер қатарына кірген.

Биыл алғаш рет 5,6,7,8,10 сыныпта оқитын 116 649 оқушы 27-30 мамыр аралығында қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Емтихан тапсырмасын орындау үшін 180 минут беріледі. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардан өткен тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес емтихан алынады. Сонымен қатар, биыл 9-10 сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2024 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында ана тілі, математика, қазақ тілі мен әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша өткізіледі.
Ал, 11-12 сыныптың білім алушылары үшін бітіру емтихандары 2024 жылғы 28 мамыр мен 11 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді. Емтихан пәндері; ана тілі, математика, қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша жүретін болады.

Previous Post

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БҰҚАРБАЙ ПАРМАНОВ I ТОҚСАН БОЙЫНША АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫН БЕРДІ

Next Post

ШЫМКЕНТ: Жер учаскелерін мемлекет мұқтажына алуға қатысты барлық мәселе қаралады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі