13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Тәжікстан, Пәкістан және Беларусь сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесті

22 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Тәжікстан, Пәкістан және Беларусь сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында Тәжікстан Республикасының, Пәкістан Ислам Республикасының, Беларусь Республикасының сыртқы саяси ведомстволарының басшылары –Сироджиддин Мухриддинмен, Мохаммад Исхак Дармен және Сергей Алейникпен екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында аталған елдермен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді қоса алғанда, екіжақты, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты мәселелер қаралды.

М.Нұртілеу Тәжікстан СІМ басшысымен кездесуде қазақ-тәжік стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Пәкістан министрімен келіссөздер барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымы бойынша екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысын өткізуді қоса алғанда, әртүрлі деңгейдегі сапарлармен алмасу арқылы екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі аталып өтті.

Беларусь сыртқы саяси ведомствосының басшысымен кездесу барысында өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Беларусь қатынастарының даму динамикасына жоғары баға берілді. Тараптар екі елдің тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қолдау көрсету мақсатында барлық деңгейлерде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙ ЕЛІ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН АРТТЫРУДА

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАҚТА ӨНІМДЕРІ ЕУРОПАҒА ЭКСПОРТТАЛЫП ЖАТЫР

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі