13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАҚТА ӨНІМДЕРІ ЕУРОПАҒА ЭКСПОРТТАЛЫП ЖАТЫР

22 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МАҚТА ӨНІМДЕРІ ЕУРОПАҒА ЭКСПОРТТАЛЫП ЖАТЫР
Share on FacebookShare on Twitter

Мақтаарал ауданындағы мақта талшығын өңдеу зауытының өнімдері Еуропа елдері мен Қытай Халық Республикасындағы жіп иіру фабрикаларына экспортталуда.
Аудандағы «Cotton Makta» ЖШС-ң басшысы Қабыл Боевтың айтуынша, жергілікті мақта сапасының жоғары болуы — шетелдік компаниялардың қызығушылығын арттырып отыр. Зауыттың жылдық қуаттылығы — 60 мың тонна, тәулігіне 600 тонна мақта талшығын өңдейді. Қазіргі таңда өндіріс орнында 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Заманауи техникалармен жабдықталған кәсіпорын алдағы уақытта ауқымын кеңейтуді көздеп отыр. Жобаның жалпы құны 3 млрд теңгені құрайды.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы аясында аймақта мақта кластерін дамыту, оған инвесторлар тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақта кластерін құру бойынша жиын өткізді. Басқосуға «Tүркістан» ӘКК», «Turkistan Invest» ЖШС және «TURAN» арнайы экономикалық аймағының басшылары мен жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барсында жаңадан ашылатын кәсіпорын жұмысы және оны инфрақұрылыммен қамту мәселелері қаралды. Нәтижесінде, келесі айдан бастап мақта кластерін дамытатын кәсіпорын өз жұмысын бастамақ. Жоба құны – 400 млн. АҚШ доллары. Өндіріс орнында 4 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
Бұл – «TURAN» арнайы экономикалық аймағында мақтаның шитінен бастап, жіп иіру, мата тоқу, киім тігуге дейінгі аралықтағы кезеңдерді толық қамтитын өндіріс орны болады.
Түркістан облысы – республика бойынша мақта өсіріп, өңдейтін жалғыз өңір. Өңірде 23 мақта өңдеу кәсіпорны бар. Олар жылына 100 мың тоннадан астам мақта талшығын өндіреді.
Айта кетейік, «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағында қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық жеңілдіктер беріледі.

Previous Post

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Тәжікстан, Пәкістан және Беларусь сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесті

Next Post

Токиода сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі