13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙ ЕЛІ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН АРТТЫРУДА

22 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙ ЕЛІ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН АРТТЫРУДА
Share on FacebookShare on Twitter

Қытай елінде фармацевтика өнеркәсібінің, білім берудің және қолдану аясының ынтымақтастығы мен интеграциясына арналған II Халықаралық конференциясы өтті. Ғылыми жиын Қытай фармацевтикалық университетінің бастамасымен «Бір белдеу — бір жол» тақырыбы аясында ұйымдастырылған.
16-18 мамыр күндері өткен конференцияға Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессорлары – Жанат Тоқсанбаева, Клара Шертаева және Қ. А. Ясауи атынағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы Балнұр Омарова сынды ғалымдар қатысты.
Конференция — фармацевтика саласындағы ынтымақтастық үшін «Бір белдеу — бір жол» Альянсын (Belt and Road International Pharmacy Conference BRI PC) құруды көздейді. Басты мақсаты – фармацевтика өнеркәсібінде, білім беруде және BRI серіктестері арасындағы қолдану саласында стратегиялық өзара іс-қимыл мен көпжақты ынтымақтастықты ілгерілету.
Қазақстан мен Қытай фармацевтика индустриясын дамыту бойынша ынтымақтастықты нығайтады. _ткен жылы Қазақстандық делегация биыл тамызда Қытайға жұмыс сапарымен барды.
«Іс-сапарда отандық фарминдустрияны технологиялар трансфері бағытында ілгерілету және инвестициялық тартымдылықты арттыру мүмкіндіктері қаралды», — дейді министрліктегілер.
Ал қытай делегациясының Қазақстанға сапары шеңберінде былтыр Астанада Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының арасында фармацевтика саласындағы үйлестіруді және іскерлік ынтымақтастықты күшейту мәселелері бойынша екі жақты форум өтті.
Министрліктің хабардауынша, президент өз Жолдауында да жаһандық фармакорпорациялармен ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап көрсеткен.
«Қытай Қазақстанның маңызды экономикалық әріптесі болғандықтан өзара қарым-қатынас әлеуеті фармацевтикалық және медициналық индустрия саласындағы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді», — делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оңтүстік-Шығыс көршілермен тығыз ынтымақтастық шетелдік инвестицияларды тартып, фармацевтика өнеркәсібін дамытуға және Қазақстанға инновациялық технологиялар трансферті саласында озық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді, дейді ведомстводағылар.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Грант бойынша қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізіледі

Next Post

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Тәжікстан, Пәкістан және Беларусь сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі