13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЮНИСЕФ өкілі білім саласына жоғары баға берді

20 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ЮНИСЕФ өкілі білім саласына жоғары баға берді
Share on FacebookShare on Twitter

Пленарлық отырыс, әріқарай негізгі 5 секция бойынша жалғасты. Түркістанда «Білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Түркістан «Оқушылар сарайында» «Білім берудегі инновациялар: идеядан іске асыруға дейін» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция алдымен жалпы пленарлық отырыстан басталып, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, академик Асқарбек Құсайынов тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына толық тоқталды. Одан кейін Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Литисия Баззи Вейл сөз алып, соңғы уақытта еліміздегі балаларға білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен нәтижелерге жоғары бағасын берді. Пленарлық отырыс, әріқарай негізгі 5 секция бойынша жалғасты. «Оқушылар сарайының» директоры, Индира Сарқытқызы: «Жаһандану кезеңінде өзгеріске түспеген ұлт кемде кем. Солай бола тұра біз балаларға білім беру ошақтарында ұлттық кодты сақтауға әрі жалғастыру үшін түрлі жолдар қарастыруымыз керек деп білемін. Оның маңызы – ұлттың ұлт болып сақталуында, өз мәдениеті мен болмысынан айырылмауында. Ал қазіргі оқушы – жаңа технологияны меңгерген, ақпараттық кеңістікте қиындықсыз өмір сүре алатын тұлғалар. Оларға ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді сіңіру тікелей ата-ана мен білім беру ошақтарына міндет болып тұр» — деді. Конференция аясында нақты ұсыныстар қаралып, оны жүйеге енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ «Оқушылар сарайының» UniSat білім беру хабының жұмысы таныстырылды.Конференция алдымен жалпы пленарлық отырыстан басталып, алғашқы болып сөз алған Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, академик Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ қатысушыларда құттықтап, тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына толық тоқталды.
Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ: «Баланы тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің өзара әрекетінің тиімділігін арттыру үшін, біздің ойымызша, отбасына педагогикалық қолдау көрсету және білім беру мекемесі мен отбасының бірлескен әрекеті проблемаларымен шұғылданатын ғылыми-зерттеу институтын құру қажет» деген ұсыныс айтты.

Previous Post

Қазақстан және Ресей сыртқы саяси ведомстволары басшылары кездесті

Next Post

Түркістандық депутат пен профессор халықаралық сайыста чемпион атанды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі