13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан және Ресей сыртқы саяси ведомстволары басшылары кездесті

20 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстан және Ресей сыртқы саяси ведомстволары басшылары кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер өткізді.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сұхбат барысында екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Ресей қатынастарының даму динамикасына жоғары баға берілді.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД бағыты бойынша пікір алмасты. Ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық базасын кеңейту және бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы аталып өтті.
Кездесу барысында министрлер 2000 жылғы 9 қазандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының Астрахан қаласында ҚР консулдығын және Қазақстан Республикасының Орал қаласында РФ консулдығын ашу туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.
Тараптар екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қолғабыс көрсету мақсатында сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.
Айта кетсек, Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.
Мемлекет басшысы Ресей дипломатына ілтипат білдіре отырып, екі елдің қатынастары стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық-өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асырудың маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, барлық тапсырма стратегиялық сипатқа ие және екі ел арасындағы көпқырлы байланыстарды айтарлықтай нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты форматтағы және интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдар талқыланды.

Previous Post

Қытайдың Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді

Next Post

ТҮРКІСТАН: ЮНИСЕФ өкілі білім саласына жоғары баға берді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі