13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық депутат пен профессор халықаралық сайыста чемпион атанды

20 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Түркістандық депутат пен профессор халықаралық сайыста чемпион атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Спортшылар 62 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады. Түркістандық депутат пен профессор самбо күресінен Азия және Мұхит жағалауы елдері чемпионы атанды. Ақтау қаласында 11-16 мамыр күндері спорттық және жауынгерлік самбодан кадеттер, жасөспірімдер, жастар және шеберлер арасында Азия және Мұхит жағалауы елдері чемпионаты өтті. Алғаш рет жалауы түрілген жарысқа 25 елден 500-ге жуық спортшы келіп, бақ сынап, өзара шеберліктерін байқады. Бес күн бойы спортшылар 62 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады. Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде 58 келіде өнер көрсеткен Еркебұлан Ахатов, 72 келіде Ақбота Қыдырәлі, 80 келіде Ұлбосын Адилова алтын медаль иеленді. 71 келіде Нұрбек Нұрбаев пен 98 келіде Алмас Темірбай күміске, 44 келіде Ақжібек Ұзақбаева, 54 келіде Гүлназ Өмірбек, 72 келіде Адина Абақова, 98 келіде Нұрхан Жамалхан қолаға қол жеткізді. 3 күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының жас самбошылары 32 алтын, 23 күміс және 42 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ, самбо күресінің спорт шеберлері мен құрметті ардагерлерінің арасында да тартысқа толы жекпе-жектер өтті. Өз жас және өз салмақ дәрежесіне қарай Түркістан қаласынан M-1 сайысында Нышанбай Құдайбергенов (Түркістан қалалық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры) бірінші орын иеленсе, М-4 дәрежесінде Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бірінші орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, самбо күресінен әлемнің 5 дүркін чемпионы Әбдісадық Халилаев М-7 дәрежесі бойынша бірінші орынды иеленді.
3 күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының жас самбошылары 32 алтын, 23 күміс және 42 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Осындай аламанда Облыс мерейін асырған самбошыларды тәжірибелі жаттықтырушылар Әбдісадық Халилаев, Қанат Арғынбаевтар жан-жақты дайындап барып, жоғары дәрежеде өнер көрсетті.
Қоса кетейік, самбо күресінің спорт шеберлері мен құрметті ардагерлерінің арасында да тартысқа толы жекпе-жектер өтті. Өз жас және өз салмақ дәрежесіне қарай Түркістан қаласынан M-1 сайысында Нышанбай Құдайбергенов (Түркістан қалалық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры) бірінші орын иеленсе, М-4 дәрежесінде Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бірінші орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың профессоры, самбо күресінен әлемнің 5 дүркін чемпионы Әбдісадық Халилаев М-7 дәрежесі бойынша бірінші орынды иеленді.

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: ЮНИСЕФ өкілі білім саласына жоғары баға берді

Next Post

Түркістан өңіріне 1 миллион турист келген

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі