13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таллинде Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды

17 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Таллинде Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Таллинн, 2024 жылғы 17 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Таллиннге жұмыс сапарымен барып, Эстония Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Йонатан Всевиовпен және Парламенттегі Эстония-Қазақстан достық тобының төрағасы Вадим Белобровцевпен кездесулер өткізді.

Эстония СІМ-де өткен кездесуде, тараптар Қазақстан-Эстония саяси диалогын дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Сонымен қатар, ведомствоаралық байланыстар мен іскерлік, мәдени және білім беру алмасуларды дамытуға жәрдем көрсету бойынша мәселелер қарастырылды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Р.Василенко ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің тиімді іске асырылуына баса назар аударып, Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Эстондық депутатпен өткен кездесу барысында, Р.Василенко Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың барысы, атап айтқанда, жаңа сайлау жүйесі, парламентаризм мен көп партиялықты нығайту жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Тараптар парламенттік дипломатияны ілгерілету мүмкіндіктерін және парламентшілерді екіжақты ынтымақтастық саласына одан әрі тарту жолдарын талқылады. Осыған орай, Эстония достық тобы делегациясының Қазақстанға сапарын ағымдағы жылдың соңына дейін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сапар аясында, Р.Василенко сондай-ақ Леннарт Мери атындағы конференцияға қатысып, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді шешуге қазақстандық көзқарасты ұсынды.

Қазақстан мен Эстония арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылы 29%-ға ұлғайып, 157,5 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт – 78,1 млн долл., импорт – 79,4 млн долл.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда Эстония капиталының қатысуымен 74 кәсіпорын қызмет етеді.

Previous Post

АМАН ТӨЛЕЕВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Next Post

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі