13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АМАН ТӨЛЕЕВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

17 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
АМАН ТӨЛЕЕВТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Төлеевтің 80 жылдығына орай өткізілген іс-шара конференцияға ұласты. Конференцияға зиялы қауым өкілдері, елге белгілі ақын жазушылар, студенттер, сондай-ақ Ресей Федерациясы Кемерова облысынан келген арнайы қонақтар қатысты. Конференцияның модераторы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек спикерлермен қонақтарға сөз беріп, қалың көрермен біртуар тұлғаның өткен өмірінің өнегесіне қанық болды.
Жиында елге белгілі ұлт зиялылары Тоқтар Әубәкіров, Зауытбек Тұрысбеков, Амалбек Тшанов сынды спикерлер сөз сөйлеп Амангелді Төлеевтің өмірімен, естеліктерімен, елге жасаған жақсылықтарымен бөлісті. Көп көкейінде осындай біртуар азаматтың өз елінде басшы болмағанына өкініш тұрды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараевтың бастамасымен Шымкентте атап өтіліп отырған мерейтой жас буынға қазақтан шыққан өр мінезді тұлғаны жан-жақты таныстыра білді.
— Шымкент қаласында Амангелді Молдағазыұлының қырық күндік асында рухани іс-шаралар атқарылуы керектігін айтқанмын. Аса танымал Амангелді Төлеевтің бүкіл ғұмыры күрескерлікпен өтті. Қарсыластарының лайықсыз әрекеттерін бетке басып, ашық айтуының арқасында, адал азаматтың жарқын жүзі ашылып, қарапайым халықтың қолдауына ие болды. Әрине, жат ел жаттығын танытып, бөгде ұлттың талантты азаматына жол бермеді. Ол сол саясатта өзінің табандылығымен, батыл іскерлігімен, Ресей халқына кеңінен танылды. Ол туған елін, бауырластарын ешуақытта ұмытқан емес. Орыс жерінде тұрса да мұсылман дінін берік ұстанып, бір жаратушының арқасында талай шабуылдан аман қалғанын жиі тілге тиек ететін, —деді Б.Тұрғараев.
Конференция мінберінен елімізге танымал ғалымдар мен саясаткерлер, қоғамдық ұйымдардың көрнекті тұлғалары мазмұнды баяндамалар жасап, А.Төлеевтің жарқын бейнесіне лайықты бағасын берді.

Previous Post

139,5 МЛН ТЕҢГЕ БЮДЖЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Next Post

Таллинде Қазақстан-Эстония ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі