13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: 2 мың дана құран тарту етті

20 декабря, 2020
in Жаңалықтар
0
Түркістан: 2 мың дана құран тарту етті
Share on FacebookShare on Twitter

Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы елшілігі мен Азия мұсылмандары Комитетінің еліміздегі өкілдігі облыстық «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» мешітіне 2 мың дана Құран тарту етті. Құран әліппесін үйренетін шәкірттер үшін бұл таптырмайтын дүние. Қазақша тәржімасымен баспадан шыққан қасиетті кітап аудан, қала, ауыл мешіттеріне, медресе-колледждерге, ДСАК бөлімдеріне, кітапханаларға таратылды.

Бұл сый ҚМДБ-ның 30 жылдығына арналды. Облыс имамы Мұсабек Ақтамберді Кувейт мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Тарек Абдулла әл-Фараж мырза мен Азия мұсылмандары Комитетінің өкілдеріне ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Кувейт елшілігі мен Азия мұсылмандары Комитеті тарапынан жылына бірнеше рет қайырымдылық өткізіледі. Сондай-ақ, ілкімді жобалар жүзеге асырылып келеді.

«Құран араб тілінде жазылғандықтан төте жазуды ұстанатын елдердің мұсылмандары намазда тұрғанда егіліп жылайды. Құранның мағынасын түсінетін адамның Алланың ескертулерін оқығанда көзіне жас алмауы мүмкін емес. Елімізде дін атын жамылған ағымдарға ергендер Құранның мағынасын білмегендіктен адасып жүр. Құранның тілін білгенімен, мағынасын түсінбей қиындыққа душар болған»,-деді ҚМДБ Түркістан облысы бойынша зекет өкілі Еркін Полатов.

Құранның аудармасын көп оқыған адамдар сүрелерді оңай жаттайтынын айтады, ұстаздар. Әрі сөздік қор жинауға да жол ашады. «Қазақстандағы Азия мұсылмандары комитетінің» демеушілігімен  «ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген» және «ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің сараптамасының оң қорытындысы берілген» — 2000 дана «ҚҰРАН КӘРІМ қазақша түсіндірмелі аударма» кітабы министрлік пен Мүфтияттың мақұлдауынан өткен.

 

Previous Post

«Абай тілінің ерекшеліктері» атты кітап жарық көрді

Next Post

Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс басты назарда!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі