13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс басты назарда!

21 декабря, 2020
in Cаясат
0
Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс басты назарда!
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі 2020 жылдың қорытындысын шығарды.

Қызмет басшысы Меруерт Жұбанованың айтуынша, ағымдағы жылы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс қызметкерлері 600-ден астам әскерилердің отбасыларына барып, 20-дан астам жаңадан тағайындалғандардың балаларын мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелеріне орналасуына, ал «Біз біргеміз!» акциясы аясында 30 отбасыға азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетіліпті.

«Біз жас отбасыларға, сондай-ақ жақында қызмет орнын ауыстырғандарға көп назар аударамыз. Егер зерделеу барысында біз проблема туралы білетін болсақ, оларды дереу бөлім басшылығына жеткізіп, мәселенің шешілуін қадағалаймыз. Отбасындағы жағдай мен атмосфера әскери қызметшілердің өз міндеттерін сапалы орындауына тікелей әсер етеді. Бұл жерде ерлі — зайыптылардың позициясы мен ұқыптылығы өте маңызды», — деп қосты ол.

Жақсы көңіл-күй мен қызметке деген оң көзқарас көбінесе отбасыда қалыптасады. Әскери қызметші балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, әскери қалашықтардағы отбасының бос уақыты туралы алаңдамауы шарт, ал ұзақ уақыт іс-сапарда немесе оқу-жаттығуда болған жағдайда, оның отбасының жағдайы жақсы болатынына сенімді болуы тиіс.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметі бөлім басшылығына әскери қызметшілерге патриоттық тәрбие беруде, көп балалы және жас отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуде көмек көрсетеді. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын ұйымдастырады және әскери қызметшілердің әйелдерін жұмысқа орналастыруға көмектеседі.

Бүгінгі күні Шымкент гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімі мен бағынысты бөлімшелерінде 200-ден астам жас отбасы, 150-ге жуық көп балалы отбасы, мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 20-ға жуық отбасы бар. Бұл отбасыларда барлығы 2000-ға жуық бала тәрбиеленуде, олардың 900-ден астамы жалпы білім беретін мекемелерге барады.

капитан ҚАЛДЫБЕКОВ Исламбек

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент гарнизоныәскерилер
Previous Post

Түркістан: 2 мың дана құран тарту етті

Next Post

Шымкентте 14 интеллектуалды «сергек» камерасы орнатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі