13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ КІТАП LIVE 2024 кітап оқу байқауының ақтық кезеңі өтті

14 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТТЕ КІТАП LIVE 2024 кітап оқу байқауының ақтық кезеңі өтті
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкенттегі Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде КІТАП LIVE 2024 кітап оқу байқауының ақтық кезеңі өтті. Байқауға 300-ден астам оқушылар қатысып, түрлі кезеңдерден іріктелген мықтылар финалда бас қосқан. Талай жастың зейінін ашып, қазақ әдебиетімен сусындауына септігін тигізген байқауға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі.
–Кітап бітпейтін байлық, таусылмайтын қазына. Баланың кітап оқығаны дұрыс екендігін білеміз. Кітап мидың көкжиегін кеңейтеді. Кітап оқыған бала арманшыл, қиялшыл болады. Кітап оқыған бала ешқашан қатігездікке бармайды. Осы тұрғыдан келгенде бүгінгі өткізіліп отырған байқаудың үлкен мәні бар. Сондықтан бүгінгі байқауды ұйымдастырушы Қаратау дәстүрлі өнер мектебіне және демеушілік жасап отырған KEREGE GROUP компаниясына шын жүректен алғысымды білдіремін. Қатысушыларға сәттілік, шын жүйріктер жүлделі болады деп сенемін, – деді Сәрсен Абайұлы.
Байқауға қатысушылар алдымен әлеуметтік желіде сайысқа түскен. Екінші кезеңге өткен оқушылар Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабының желісі бойынша тест тапсырған болатын. Тестке қатысқан 300 оқушыдан іріктеліп, ақтық сынға 22 үміткер жолдама алған. Сайдың тасындай іріктелген жеңімпаздар сахнада Абай Құнанбаевтың таңдаулы жырларын, қара сөздерін, поэзиясын оқып, көрерменді әдеби әлемге жетеледі. Мұнан кейін сахнадағы сандықшада арнайы жасырылған сұрақтарға жауап берді. Сан жүйріктің ішінен оза шапқандарды анықтау қазылар алқасының еншісінде. Еске салсақ, Байқаудың I-ші кезеңі 20 сәуір күні аяқталды.
Ережеге сәйкес II-ші кезеңге өткен оқушылар 4 мамыр күні Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабы бойынша тест тапсырды.
Жоғары балл жинаған оқушылар ақтық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, байқауға елге белгілі журналистер, айтыскер ақындар қазылық етті. Жеңімпазға «iphone 15» смартфоны бұйырмақ.

Previous Post

“СӨЗБЕН СУРЕТ САЛУДЫҢ ЗЕРГЕРІ" АТТЫ Қ.ҚАЗИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Next Post

Желшешектің алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі