13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Желшешектің алдын алу

14 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Желшешектің алдын алу
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Желшешек – ауа тамшылары жолымен жұғатын, қызбамен, орташа айқын интоксикациямен және кең таралған везикулезді бөртпемен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Инфекция көзі ауру адам болып табылады, ол вирусты 100% жағдайда таратады, сондықтан ауру кезеңінде ауру мен сау адамдар арасындағы байланысты шектеу өте маңызды. Инкубациялық кезең 10-нан 21 күнге дейін созылады. Ауру ең алдымен дене температурасының 39-40 градусқа дейін күрт көтерілуімен, бас ауруымен сипатталады. Желшешектің ең айқын белгісі –бөртпе және қышу. Егер сіз немесе сіздің балаңыз ауырып қалса, мектепке, балабақшаға немесе жұмысқа бармаған дұрыс. Денеде қышыну пайда болғанша (теріде вирус жоқ екендігінің белгісі) үй жағдайында болу керек. Бұл әдетте дақтар шыққаннан кейін 5 күннен соң пайда болады. Сусыздануды болдырмас үшін көп сұйықтық ішу қажет болады. Сәбилердің тырнақтарын қысқартып, әсіресе түнде ол өзін тырнап алмасы үшін қолына шұлық немесе қолғап кигізген дұрыс. Гигиенаға келетін болсақ, жылы, бірақ ыстық емес душ қабылдаған дұрыс, содан кейін теріні құрғатып (ысқыламаңыз), денеңіздегі дақтар жазылғанша бос киім киген дұрыс. Ең бастысы – жараның қабығын алмау, теріні тырнамау. Тыртықтар қалып қоймауы үшін теріге тиіспеген маңызды. Егер қызба 39-дан асса, бөртпе элементтері пайда болса, дәрігерге шұғыл түрде хабарлаңыз. Сондай-ақ, егер бала өзін нашар сезінсе дәрігерге қаралыңыз. Балаларда желшешек ересектерге қарағанда жеңіл түрде өтеді, кей жағдайларда үлкендер асқынулардан зардап шегуі мүмкін. Желшешекпен ауырған адамдарда осы инфекцияға өмірлік иммунитет қалыптасады.

 

ҚР ДСМ СЭБК Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасары Искаков Аскар Бекболатұлы

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ КІТАП LIVE 2024 кітап оқу байқауының ақтық кезеңі өтті

Next Post

САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі