13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

“СӨЗБЕН СУРЕТ САЛУДЫҢ ЗЕРГЕРІ» АТТЫ Қ.ҚАЗИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

14 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
“СӨЗБЕН СУРЕТ САЛУДЫҢ ЗЕРГЕРІ» АТТЫ Қ.ҚАЗИЕВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл қазақтың дара да дана жазушысы, журналист Қарауылбек Қазиевтің туғанына 85 жыл толып отыр. Айтулы мерекеге орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхана қабырғасында «Сөзбен сурет салудың зергері» атты еске алу кеші өтті.
Табиғатты жанындай сүйген ақынның шығармашылығына арналған кішігірім көрме ұйымдастырылды. «Біз абитуриент едік», «Кемпірқосақ», «Иманжапырақ», «Ақбантик», «Көктемгі күн күркіреуі», орыс тілінде «Подснежник» сияқты кітаптарынан ақынның қаншалықты табиғатқа жақын екендігін байқауға болады.
Әдебиет әлемінде ерекше қолтаңбасымен таныла білген дарынды жазушының өмірі мен шығармашылығын еске алуға дос жарандары, шәкірттері, балалары, мектеп оқушылары келді.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша еске алу кешінің басты мақсаты Қ.Қазиевтің өнегелі өмірі мен шығармаларын оқырман қауымына таныстыру, насихаттау.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Сатыбалды Дулати атамыз аяулы әке, адал дос, ардақты әріптес болған Қарауылбек атамыздың өмірінен тың деректерді молынан баяндады.
Қызыл үкіметтің саясаты жалындап тұрған кезде, мектеп оқушыларын түрлі жұмыстарға әкететін. Қарауылбек ағамыз репортаж жасауға ауыл мектептерінің бірінде қой бағуға жіберілетін сынып жайлы материал жасаған еді. Сол оқушыларға бауыр басып, жағдайларын біліп тұруға уәде берген екен. Бір күні оқушыларды тасымалдайтын автобус жол апатына түсіп, барлық жолаушылар мерт болады. Ол қаралы хабарды республиканың ешқандай ақпарат құралы таратпайды. Сол кездің сайқал саясатының күн тәртібінде бұндай жаңалықтарға жол жоқ еді. Бұндай жағдайға наразы болған Қарауылбек ағамыз дикторлық қызметін пайдаланып, қайғылы хабарды радио арқылы бүкіл республикаға жариялап, өз басын құрбандыққа шалады,– деп Сатыбалды атамыз ұстазының, досының ерлігін еске алды.
Қонақтардың естеліктерінен бөлек «Алақай» өнер мектебінің домбырашылары күй, Қ.Қазиев атындағы № 75 мектеп-гимназиясының оқушылары әдеби композиция орындады.
Previous Post

ШЫМКЕНТ: СОЛТҮСТІККЕ 20 ТОННА ЖҮК ТИЕЛГЕН КӨЛІК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ КІТАП LIVE 2024 кітап оқу байқауының ақтық кезеңі өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі