13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісін кеңсе пышағымен бауыздамақ болған ер адамға сот үкімі шықты

13 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісін кеңсе пышағымен бауыздамақ болған ер адамға сот үкімі шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 28 жастағы әйелге пышақпен шабуыл жасаған ер адамға қатысты істі қарады. Күдіктінің кінәсі толық дәлелденіп, сот айыпталушыға үкім шығарды.Сот анықтағандай, 2023 жылы 27 қазан күні сағат 16:40 шамасында күдікті бұрынғы сүйіктісінің жұмыс орнына келген. Онда олардың арасында жанжал туындап, сотталушы елеусіз сылтауды пайдаланып, әйелді өлтірмек болған. Ол сол қолының алақанымен әйелдің бетінен ұрған. Соққы салдарынан келіншек еденге құлады. Ер адам соны пайдаланып әйелдің үстіне отырып, қолындағы пышақпен оның мойнын бірнеше рет кескен.
Осы кезде дүкенге бір әйел кіріп келіп, оған кедергі келтірмек болып, жәбірленушіге араша түскен.

“Бұзақылық жасап қана қоймай, қару ретінде кеңсе пышағын ұстап алған сотталушы өзіне кедергі келтірмек болған әйелдің мойын тұсына соққы жасайды. Ол жеңіл дене жарақатын алған. Айыпталушы басқа кеңсе пышағын алып, еденде жатқан әйелдің мойнын бірнеше жерден кесіп тастаған. Ол өзінің арам ойын іске асыра алмай, оқиға болған жерден қашып кетті. Өйткені жәбірленушіге араша түскен әйел полицияны да, адамдарды да көмекке шақырып үлгерген”, – деп мәлімдеді Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Сот айыпталушының әрекетін ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызды.

“Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен толық дәлелденді. Сот айыпталушының өз әрекетіне шын жүректен өкінетінін ескере отырып, оны кінәлі деп таныды. Күдіктіге 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушілердің 5 миллион теңгеден астам сомаға моральдық шығын мен материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды”, – делінген хабарламада.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

27 қазанда Талдықорғандағы сұлулық салондарының бірінде ер адам өзінің бұрынғы сүйіктісіне шабуыл жасап, оны пышақпен бауыздамақ болған. Бұл бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда ер адамның қызды соққымен жерге құлатып, сосын оны қағып, тұншықтырып жатқанын көруге болады. Ол үстелден кеңсе пышағын алып, қыздың мойнын тіле бастаған.

Кейін жігіттің бір-екі күннен кейін үйқамаққа шығарылып, іс «Бұзақылық» бабы бойынша ғана қозғалғаны белгілі болды. Қоғамдық наразылықтан кейін ғана ол қамауға алынып, іс «Кісі өлтіруге оқталу» деп өзгертілді. Кейін бұл іс бойынша полицейлер жазаланды.

Бұған дейін жігіт бойжеткенді жүйелі түрде ұрып-соққан, бірақ қыз оны кешіре берген. Қазан айында Талдықорған қалалық соты ер адамға қызға жақындауға тыйым салғанымен, ол бұрынғы сүйіктісін аңдуын қоймапты.

Previous Post

Министр жұмыссыз қазақстандықтарға су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде үй салуды ұсынды

Next Post

"Баланы шайнап өлтірген": Анасы ерекше қажеттігі бар ұлын қолтырауындар мекен ететін өзенге лақтырып жіберген

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі