13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Министр жұмыссыз қазақстандықтарға су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде үй салуды ұсынды

13 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
Министр жұмыссыз қазақстандықтарға су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде үй салуды ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарды су басқан өңірлердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге атсалысуды ұсынды. Сәуір айында Қазақстанның бірқатар облысын су басып, көп қазақстандық баспанасыз қалды. Осы тұста еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі.

“Бұл Enbek.kz электронды еңбек биржасындағы жаңа модуль болады. Осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады. Қазір платформада 42 бос жұмыс орны бар”, – деп мәлімдеді ведомство.

Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электронды еңбек биржасынан көруге болады.

«Бұл жобаның маңызы сол, біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әр адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазір біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысып жатырмыз. Өңірлер үшін кім-кімнің де қатысуы өте маңызды. Өйткені қазір білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет екенін айта кету керек», – деп атап өтті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарды жобаға қатысуға және зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру үшін атсалысуға шақырады.

Еске сала кетейік, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.

фото: Ақтөбе ТЖД

Previous Post

Павлодарлық оқушы сыныптасы мен мұғаліміне пышақ сұғып алды

Next Post

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісін кеңсе пышағымен бауыздамақ болған ер адамға сот үкімі шықты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі