13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Баланы шайнап өлтірген»: Анасы ерекше қажеттігі бар ұлын қолтырауындар мекен ететін өзенге лақтырып жіберген

13 мая, 2024
in Жаңалықтар
0
«Баланы шайнап өлтірген»: Анасы ерекше қажеттігі бар ұлын қолтырауындар мекен ететін өзенге лақтырып жіберген
Share on FacebookShare on Twitter

Үндістанда анасы алты жасар ерекше қажеттігі бар баласын қолтырауындар көп өзенге лақтырып жіберген. Баланы бауырымен жорғалаушылар шайнап өлтірген.Үндістанның батысындағы Карнатака штатындағы, Уттара Каннада ауданында 26 жастағы Савитри Кумар баланың әкесі 27 жастағы Рави Кумармен сөзге келіп қалған. Күйеуі оған бірнеше рет «баланы лақтырып тастауды» бұйырған екен.

Полицейлердің айтуынша, күйеуі оның мүгедек баланы дүниеге әкелу шешіміне күмән келтірген. Сенбі күні кешке ата-анасы ұлдары үшін тағы да жанжалдасқан соң, әйелі «қиналып», ұлын қолтырауындар көп жүретін Кали өзеніне құятын қалдық каналға лақтырып жіберген.Бұған куә болған көршілер полицейлерді шақырған. Олар судағы баланы іздеу үшін арнайы сүңгуірлерді жұмылдырған. Алайда олардың жұмысына қараңғылық кедергі болған соң еш нәтиже бермеген.

Олар жексенбі күні таңертең қайта келіп, баланың денесінің барлық жері тістелгенін байқаған. Полицияның хабарлауынша, бала ауыр жарақат алған, бір қолынан айырылған. Айтуларынша, баланы бір немесе бірнеше қолтырауын шайнап өлтірген.

Алты жасар баланың өлімінің себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Ерлі-зайыптының екі жасар тағы бір ұлы бар. Олар үлкен ұлының сөйлеу кемістігі үшін жиі ұрсысатын болған.

Оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын бастады. Полиция қызметкерлері аталған фактінің «кісі өлтіру» ісі екенін және күйеуі мен әйелінің ұсталғанын айтты.

Previous Post

Талдықорғанда бұрынғы сүйіктісін кеңсе пышағымен бауыздамақ болған ер адамға сот үкімі шықты

Next Post

Сот экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі