13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Жастар арасындағы лудоманиямен күрес жұмыстары қарқынды

3 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Жастар арасындағы лудоманиямен күрес жұмыстары қарқынды
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орталық саябақта мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға тәуелділік белең алып барады. Кейбір отбасылар үшін бұл үлкен қасіретке айналды. Лудоманияға қарсы күресте тәрбие ісі мен түсіндіру жұмыстарына ерекше мән берілуге тиіс» деген болатын. Осы мақсатта Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент жоғары педагогика колледжінің жастарына «Лудомания — қоғамның дерті» тақырыбында кездесу өткізді. Оған Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесі» төрайымы Нарбекова Дильдан, Еңбекші аудандық «Ардагерлер жанынан құралған аналар кеңесі» мүшесі Нұрғалиева Әлия, Шымкент қаласының Еңбекші ауданының инспекторы, полиция аға лейтенанты Төребай Әсел мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Сайдахан Жібек қатысты. Спикер лудоманияның қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып келе жатқанына тоқталып, оның зияны мен адам өміріне тигізер қауіп-қатерімен бөлісті. Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығының мамандары жастар арасында өзге де өзекті мәселер бойынша ақпараттандыру және түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп тұрады. Мәселен, Орталық саябақта мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жобаның мақсаты — жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру және NEET санатындағы жастар үлесін азайту. Ақпараттық түсіндірме жұмыстарында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» мен жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары, сонымен қатар «Аqyl» білім беру жинақтау салымдары туралы түсіндірілді.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Қалалық сотта студенттерге арналған семинар өтті

Next Post

ШЫМКЕНТ: Ретсіз сауда мәселесі назарға алынды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі