13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Ретсіз сауда мәселесі назарға алынды

3 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Ретсіз сауда мәселесі назарға алынды
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нәтижесінде құзырлы мекеме өкілдері тарапынан кәсіпкерлік нысан иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласындағы Ш.Рашидов көшесі бойында орналасқан №98, №108, №110, №112 көпқабатты үй тұрғындары сол аумақтағы құрылыс дүкендеріне келетін ауыр жүк көліктерінің дауысы мен жағымсыз иісінен, үздіксіз кептелістерден шаршағандарын айтып тұрақты шағым білдіріп келген. Осы орайда Шымкент қаласы әкімі аталған аумақты аралау барысында Ш.Рашидов көшесінің бойындағы құрылыс сататын дүкендердің алдындағы ретсіз сауданы ретке келтіру бойынша тапсырма берген болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мамандары, аудандық полиция басқармасы, Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті, Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасыны мен аудандық кірістер басқармасының қызметкерлерінен құрылған комиссия мүшелерімен бірлесе зерделеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар барысында Ш.Рашидов көшесі бойындағы құрылыс сататын дүкендердің меншік иелері тарапынан заңсыз құрылыс, жерді өз бетінше иелену, жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбау, қаланың абаттандыру қағидаларын бұзу, белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасау фактілер анықталды. Нәтижесінде құзырлы мекеме өкілдері тарапынан кәсіпкерлік нысан иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505 және 204 баптарына сәйкес барлық ескерту хаттамалары толтырылды. Алдағы уақытта Ш.Рашидов көшесінің бойындағы ретсіз сауда орындары толығымен жойылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлері! Аяқжолдарда және басқа да белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол берілмейтіндігін ескертеміз. Заңсыз сауда орын алған жағдайда 102 нөміріне немесе учаскелік инспекторға хабарласуларыңызды сұраймыз! Қаланың қолайлы ету баршамызға ортақ тірлік.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Жастар арасындағы лудоманиямен күрес жұмыстары қарқынды

Next Post

Шымкентте Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жаңа колледж ашылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі