13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Қалалық сотта студенттерге арналған семинар өтті

3 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: Қалалық сотта студенттерге арналған семинар өтті
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауаптарын алды.
Қалалық сотта студенттерге мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған семинар ұйымдастырылды. Шымкент қалалық сотында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті заң факультетінің жоғары курс студенттеріне «Мемлекеттік қызметке орналасу» тақырыбында семинар өтті. Семинардан алдын студенттер қалалық сот ғимаратының Ақпарат орталығымен және сот отырысының залдарымен танысты. Сонымен қатар, ғимаратты аралау барысында жастар қалалық соттың мұражайында соттардың бұрынғы және кейінгі тарихы туралы жинақталған материалдармен танысып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды. Семинар барысында Персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметі) мамандары мемлекеттік қызметке кіру тәртібі бойынша қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар, заңнаманы білуге және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өту, конкурс арқылы іріктеу туралы слайдтарды көрсету арқылы (презентация жасап), болашақ заңгерлерге түсіндірме жүргізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жоғары оқу орнының үздік түлектері үлгерімі GPA 3,33 баллдан жоғары болған жағдайда, оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурстан тыс «Б» корпусының белгілі бір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурссыз орналаса алатындығы түсіндірілді. Семинар соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауаптарын алды. Бұған дейін Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен «Жеке тұлғалардың банкроттығының тәртібі» тақырыбында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық Әкімшілік сотының және Азаматтық істер жөніндегі сотының судьялары Нұржан Таштенов пен Сауле Сакова қатысуымен семинар өткізілген болатын. Семинарға қатысушылар жеке тұлғалардың соттан тыс және сот банкроттығына қатысты дауларды қарау барысында туындайтын мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Next Post

ШЫМКЕНТ: Жастар арасындағы лудоманиямен күрес жұмыстары қарқынды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі