13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН БАТЫС ӨҢІРІНЕ 10 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

3 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН БАТЫС ӨҢІРІНЕ 10 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Гуманитарлық көмек жинауға кәсіпкерлер, қала жастары (оқу орындары) мен қала тұрғындары өз үлестерін қосты.
Бүгін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Шымкент қаласынан арнайы «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратында жиналған 10 тонна зат тиеген жүк көліктері жолға шықты. Штаб ашылғаннан бастап, қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтарды жинау заттарына атсалысты. Гуманитарлық көмек жинауға кәсіпкерлер, қала жастары (оқу орындары) мен қала тұрғындары өз үлестерін қосып, қажетті гуманитарлық заттар жинау жұмыстарына көмектесті. Арнайы ашылған бекет жанынан құрылған 130-ға жуық еріктілер тобы күнделікті жиналған қажетті заттарды сұрыптап, арнайы қорапта жинақтап отырды.
Шымкент қаласынан шыққан гуманитарлық көмек Батыс Қазақстан облысына жетті. Шымкенттік және Оралдық рухтастар азық-түлік пен қажетті заттарды сұрыптау жұмысын жүргізуде.
Сондай-ақ «Biz Birgemiz» қайырымдылық қорының қолдауымен елордалық белсенділер гуманитарлық көмекті Қарағанды қаласына жеткізіп, Шет ауданының Ақсу, Қайрақты ауылдарының тұрғындарына тікұшақ арқылы жолдап, табыстады.
«Көмекті жеткізуге өзім де атсалыстым және су алған өңірлерді өз көзіммен көріп қайттым. Бір атап өтерлігі, Батыс Қазақстан өңіріне келген ең алғашқы гуманитарлық көмек Шымкент қаласынан жетіп отыр.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы да арнайы батыс өңірге келіп, халықпен кездесті. Кездесу барысында Президентіміз зардап шеккен тұрғындарға барлық көмектер көрсетілетінін жеткізді. Сол сияқты тағы да қайталануы мүмкін апаттың алдын алу үшін тиісті тапсырмалар берді.
Барлық су басқан өңірлердегі әріптестерімізге, рухтастарға сабырлық пен күш-қайрат тілеймін! Сіздердің еңбектеріңіз пен бірлесе жұмыс атқаруларыңыздың арқасында барлық қиыншылықты жеңіп шығатындарыңызға сенімдіміз. Шымкенттік Рухтастар әрдайым қол ұшын созуға дайын!», — деді волонтер Бекзат Төлебай.
Қостанай облысының еріктілері «2-Қостанай» шағынауданында жеке секторда тұратын азаматтардың үйін су мен қардан тазарту жұмыстарына атсалысып, төтенше жағдай қызметкерлеріне ыстық шай үлестіруде.
Ал Арқалық қаласының белсенділері гуманитарлық көмекті тұрғындарға таратуда.Сонымен қатар Атыраудан Ақтөбе облысына 8 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіліп, атыраулық рухтастар өз көмектерін көрсетті.

Previous Post

Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілеті бұзылуының алдын алу

Next Post

ШЫМКЕНТ: Жәрмеңкеде мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі