Жәрмеңкеде 20-дан астам жұмыс беруші жеңіл өнеркәсіп, өндіріс, қызмет көрсету және коммуналды шаруашылық салалары бойынша 1000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды.
Шымкент қаласында пробация қызметі есебінде тұрған, мемлекетке берешегі бар және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті . Іс-шараны Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығы мен қалалық Прокуратура бірлесе ұйымдастырып отыр. Жәрмеңкеде 20-дан астам жұмыс беруші жеңіл өнеркәсіп, өндіріс, қызмет көрсету және коммуналды шаруашылық салалары бойынша 1000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеге қатысушыларды ең алдымен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков қабылдап, жұмысқа орналасуға қатысты мәселелерін тыңдады. Келушілердің көбі жоғары айлық жалақысы бар жұмысқа орналасуға ниетті екенін, сонда ғана мемлекетте қарыз берешігін төлей алатынын айтты. М.Жолдасбеков халықты жұмыспен қамту бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатқанын, жұмыс істеуге ынталы азаматтарға мемлекет әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Бүгінгі жәрмеңкеде Б. есімді азамат «Альянс Траст» ЖШС-іне қарапайым жұмысшы ретінде жолдама алды. Оның айтуынша, жұмысшы болуына қарамай ай сайынғы төленетін жоғары айлық жалақы көңіліне қонғанын айтады. – Бұған дейін түрлі құрылыс компанияларында жұмысшы болып істеп келдім. Бүгінгі жәрмеңке арқылы айлық еңбекақысы жоғары болған жұмыс тапқаныма өте қуаныштымын. Ең бастысы отбасымды асырауға және мемлекетке төлейтін қарызты өтеуге жетеді екен, — дейді ол. Айта кетсек, жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған жұмыс орындарының айлық жалақысы 95-300 мың теңге аралығында болды.
Шымкент қаласында соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылдың осы кезенімен салыстырғанда отбасы саны 31,7% азайып, 6443 отбасыны құрады. Бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі балаларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 2023 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда -31,3% төмендеген. Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева осылай деді.
–Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірден бір жолы – ол азаматтарды кәсіпкерлікпен айналысуға бағыттау, яғни жаңа бизнес идеяларды іске асыру болып табылады. Осы бағытта 2019 жылдан бастап халықтың осал тобына жататын азаматтарға қайтарымсыз негізде грант беру жұмыстары ұйымдастырылуда. Оларға — атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған отбасылар, -деді басқарма басшысы.
Грант мөлшері 400 АЕК мөлшерінде беріледі (2023 жылы 1350,0 мың теңге, 2024 жылы 3692х400=1476,0 мың теңге). Грантқа үміткерлер, яғни халықты осал тобына жататын азаматтар бірінші кезекте «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша оқып, арнайы куәлік алуы тиіс. Алынған куәлік 3 жыл мерзімге жарайды. Екіншіден –өтінңмді «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде өтінім ұсынуы тиіс.
2024 жылы грант екі лекте беріледі, 2024 жылдың сәуір айы (213 адам) және маусым (213 адам) айларында беріледі. Жалпы жоспар 426 адам. Бірінші лек 2024 жылдың 8 сәуірінен-18 сәуірге дейін өтінімдер онлайн қабылданады.
Ұсынылған өтінімдер арнайы құрылған комиссияның алдында әрбір азамат бизнес жоспарын таныстырады. Комиссия құрамына кәсіпкерлер палатасы, мүдделі басқармалар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылар кіреді.