13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттен Атырауға көмек керуені жолға шықты

8 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттен Атырауға көмек керуені жолға шықты
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты жолдаған Үндеуінде: — Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында. Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда. Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы,—деген болатын.
Шымкент қалалық ҚХА, этномәдени бірлестік мүшелері, кәсіпкерлер екі күннің ішінде қаланың екі бұрышынан арнайы бекет ашып, 20 тоннаға жуық көмек жинады. Шаһардағы “Достық” үйінен еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Атырау өңіріне гуманитарлық көмек жолға шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Шымкент қалалық ҚХА, этномәдени бірлестік мүшелері, кәсіпкерлер екі күннің ішінде қаланың екі бұрышынан арнайы бекет ашып, 20 тоннаға жуық көмек жинады. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдері, киім-кешек, тұрмыстық химия, гигиеналық заттар, жалпы соммасы 10 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмек ұйымдастырылды. — Еліміздегі жағдайға байланысты қалалық ҚХА жанынан арнайы штаб жұмыс істеп жатыр. Гуманитарлық көмекке қаладағы барлық этномәдени бірлестіктер атсалысты. Бүгін Мемлекет басшысы да жағдайға байланысты Үндеуін жариялады. Біздің күшіміз — бірлікте! Қиындықты баршамыз бірлесе еңсереміз, — деді Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нышанбаев. Айта кетсек, көмек керуені сағат 16:30-да Атырау облысына аттанып кетті. Қазіргі таңда қаладағы этнос өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында ашылған банктік есеп-шотқа қаржы аудару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Previous Post

Шымкентте студенттер тазалық акциясына қатысты

Next Post

Кинотеатрларда алаяқтардың айласы жайлы бейнероликтер көрсетілуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі