13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кинотеатрларда алаяқтардың айласы жайлы бейнероликтер көрсетілуде

8 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Кинотеатрларда алаяқтардың айласы жайлы бейнероликтер көрсетілуде
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шыммкентте полицейлер кинотеатрда азаматтарды алаяқтардан сақтану туралы ескертуде. Тәртіп сақшылары кинотеатрға келушілерге алаяқтардың айласы жайлы арнайы әзірленген бейне роликті көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратты.
Айта кетсек, 5 сәуірден бастап аталған бейнеролик әр киноның алдында көрсетіледі.
Онда алаяқтықтың кең тараған түрлері және олардан қалай сақтану қажеттігі туралы ақпарат жеткізіледі.
Шымкент қаласының әкімдігі мен полиция қызметі қала тұрғындарын жер телімдеріне қатысты алаяқтық әрекеттерден абай болуға шақырады. Оңай жолмен олжа табуды көздегендер жер теліміне кезекте тұрған жандарды тез арада кезексіз жер бере алатынын айтып, бұл қызметі үшін қомақты қаржы сұрауды кәсібіне айналдырған.Соңғы кезде ұялы телефонмен қоңырау соғып өздерін банк қызметкерімін деп таныстыратын алаяқтар көбейіп кетті. Олар жеке адамдарға қоңырау шалып, алған несиелерінде қателік барын немесе құжат қателігі орын алғанын алға тартып, тұлғаның ЖСН-нін, несие карта номерін және счет номерін сұрайды.

Аталған жағдайға көбіне егде жасқа келген адамдар душар болады. Алаяқтар олармен қалай сөйлесу керектігін жіті меңгерген. Бұған дейін банк қызметкері болып қоңырау шалған алаяқтар енді құқық қорғау органының атын жамылуда. Тіпті, алаяқтар құқық қорғау органының логотипіне дейін айнытпай пайдаланған. Барлық азамат мынаны білуі тиіс: банк қызметкерлері немесе құқық қорғау органының қызметкері ешқашан жеке нөмірге хабарласып, жеке құжаттың ақпаратын сұрамайды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің кеңесіне сүйенер болсақ, әлеуметтік желідегі түрлі жарнамаға алданып қалмау керек. Алаяқтардың алдымен көздегені – адамды қорқыту. Олар қорқыту арқылы адамды өзіне бағынышты қылып, ойындағысын іске асырады.

Previous Post

Шымкенттен Атырауға көмек керуені жолға шықты

Next Post

Қызылша ауруы және оның алдын алу

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі