13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте студенттер тазалық акциясына қатысты

8 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкентте студенттер тазалық акциясына қатысты
Share on FacebookShare on Twitter

160-қа жуық студент оқу алаңдарын сыпырып, гүлдер мен ағаштардың түптерін қопсытып, жиналған қоқыс қалдықтарынан тазартты. Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Таза Қазақстан » республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтар болсақ «Мирас» және «Орталық Азия Инновациялық» университеттері мен Политехникалық колледж жастары өз оқу орындарының алаңын тазалады. 160-қа жуық студент оқу алаңдарын сыпырып, гүлдер мен ағаштардың түптерін қопсытып, жиналған қоқыс қалдықтарынан тазартты. Нәтижесінде, аталған 3 оқу орында 50 кг көлемінде түрлі қоқыс қалдықтары шығарылды. Айта кету керек, 8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Бүгінгі апта « Таза өлке» деп аталады. Бұл күні тұрғындар мен кәсіпорындар, оқу орындары, түрлі мекемелер өз үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізеді. Бүгін тазалық жұмыстарын атқарған студент-жастар алдағы уақытта да тазалық жұмыстарына белсене қатысып, өз өлкесінің тазалығын сақтауға араласатындықтарын білдірді. Жастардың айтуынша тазалық бір күндік жұмыс емес, сондықтан да қоршаған ортаның үнемі таза болуына әрбір тұрғын өзін жауапты сезінсе қаламызда тазалық сақталады дейді. Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді. Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Айта кететін жайт әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар. Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Осыған орай Шымкент қаласында да акция аясында тазалау жұмыстары бастаған еді. Алғашқы бірінші аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, кәсіпорын қызметкерлері аумақтарда белгіленген аулаларды тазалап жатыр.

Previous Post

«ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ»: Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы құрылды

Next Post

Шымкенттен Атырауға көмек керуені жолға шықты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі