Ел Президентінің Жаңа Қазақстанды құру жолындағы алға қойған маңызды міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң барлық азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы жауапкершіліктерін күшейтеді. Мәселен, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласына тікелей қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді атқару барысында мемлекеттік қызметкерлер тиісті заңдарды ескеруі міндетті.
Қай елде болса да, тамыр-таныстық кадр іріктеу ісін бұрмалап, сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына әкеп соқтырады. Тамыр-таныстық пен рушылдық құрдымға бастайтынын нақты ұғыну қажет. Мұндай қарым-қатынас шағын ғана топтың шалқып өмір сүруіне жол ашады. Ал, өзгелерді өмірінің ешқандай болашағы жоқ екеніне біржола мойынсұнып, тек өлместің күнін көру үшін арпалысуға мәжбүрлейді.
Біз сыбайлас жемқорлыққа табанды түрде қарсы тұрамыз. Бір-бірімізді жат көрмей, жақын тартып, қоғамда нақты өзгерістерге деген сенімді орнықтыруымыз қажет.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 153 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидаларын және оның нысаны бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс– қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидалары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-3-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу тәртібін айқындалады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 365-бабы тексерулер жүргізу тәртібін бұзғаны, оларға белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсат (лицензия) беруден заңсыз бас тартса немесе оны беруден жалтарса, заңсыз тексерулер жүргізу фактілеріне жол беру, рұқсат беруден негізсіз бас тарту, кәсіпкерлік субъектісінің қызметін тоқтату, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау оның ішінде дара кәсіпкердің, коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласу, т.б заң бұзушылық орын алса, жауапты мемлекеттік қызметкердің мүлкі тәркіленіп, лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына шеттетіледі. 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басышлары мен қызметкерлеріне, жұмысқа енді ғана орналасқан жас мамандарға тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы жиындар өткізіліп отырады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны болдырмау бойынша қоғам болып күресуге шақырамын. Сыбайлас жемқорлық-кешірілмейтін қылмыс!
Түркістан облысының СЭБД сенім телефоны: 7-10-56
З.Алимкулов
ТО СЭБД басшысының орынбасары