Инфекциядан қорғаудың жалғыз жолы — вакцинация. Иммундау жоспарлы түрде «Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне» сәйкес төмендегіше жүргізіледі:
-Балалар 12 айлық кезде және 6 жаста екі рет;
-18 жастан 35 жасқа дейінгі ауырмаған және екпе алмаған, сонымен қатар, бір рет қана егілген ересектер егуге жатады;
-36 жастан 55 жасқа дейінгі тәуекел тобына жататын, әсіресе медициналық және білім беру мекемелерінің, сауда ұйымдарының, көлік және коммуналдық шаруашылықтың және әлеуметтік саланың қызметкерлері, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар, мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері егуге жатады.
Егер өзіңіз немесе балаңыз ауырып қалса, Сіз келесі әрекеттерді жасағаныңыз дұрыс:
-Шұғыл медициналық көмекке жүгіну;
-Емханаға өз бетіңізше бармаңыз, дәрігерді күтіңіз;
-Дәрігер келгенге дейін басқа адамдармен байланысын барынша азайтыңыз;
-Жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды орамалмен немесе майлықпен жабу, қолды сабынмен жиі жуу;
-Тыныс алу органдарын қорғау құралдарын қолданыңыз (мысалы, маска немесе дәке таңғыш);
-Өзін-өзі емдеуге болмайды!
Н.Нышанов
ТО СЭБД басшысы