13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

14 апреля, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионаты өтуде. 14-18 сәуір аралығына жоспарланған құрлық чемпионатында 14 мемлекеттен (Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань (Қытай туымен), Таиланд және Қазақстан) келген, жалпы 64 спортшы бақ сынайды.

Бүгін жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңызы зор екеніне тоқталып өтті.

— Елімізде ұлттық спорттың дамуына айырықша назар аударылып келеді. Биыл Астана қаласында дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Шымкент қаласы спортшылары да ұлттық құрама сапында жауапты сайысқа қатысады. Ұлттық спортты дамытуда қаламызда кезекті рет халықаралық бәсеке ұйымдастырылып отыр. Шымкент қаласына қош келдіңіздер, — деді қала әкімінің орынбасары.

Спортшылар 4 стиль (жамбы, түркі, азия, мажар стильдері) бойынша жарысқа түседі. 15 сәуір мажар стилі, 16 сәуір азия стилі, 17 сәуір түркі стилі, 18 сәуір жамбы стилі бойынша сайыстар өтеді. 19 сәуірде шетелдік қонақтар Түркістан қаласына экскурсия жасайды.

Айта кетсек, Азия чемпионаты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында ұйымдастырылып отыр.

Қосымша ақпарат, Жамбы ату — қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның, ат үстіндегі ойындардың бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті болған. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Ойын қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Терешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір олимпиялық ойындардан кейін оның бағдарламаларына енген спорт түрлернің халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер, өзгерістер енгізіп жүр. 

Previous Post

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНДЕРІ 239 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі