Бүгін Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде оқу орнына Өзбекәлі Жәнібеков есімі берілуі және тарихи тұлғаның ел үшін қызметі мен мұраларын насихаттау мақсатында «Ұлттық мұра» жобасы аясында «РУХ САРДАРЫ» республикалық жас ақындар айтысы өтті. Айтысының мақсаты – Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің қазақ халқы үшін жасаған қызметі мен мұраларын насихаттау, айтыс өнерін халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына қолдау көрсету, жас ақындар арқылы айтыс өнерін дамытып, дәстүрлі іс-шара ретінде қалыптастыру. Шараға «AMANAT» партиясының төрағасы Нарымбетов Бахадыр, Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар арнайы қатысып, жас өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Аламан айтысқа облыстық және республикалық маңызы бар айтыстың жеңімпаздары қатысты. Кіл мықтылардың арасынан үздік айтыскерлерді анықтап, сонымен қатар арнайы жүлделер де тағайындылған. ОҚПУ жыл сайын айтысты дәстүрлі түрде өткізіп келеді.