13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Енді Астана мен Алматыда бағдаршамның сары белгісінде жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

12 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Енді Астана мен Алматыда бағдаршамның сары белгісінде жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде енді бағдаршамның сары белгісі жанып тұрған кезде жолда жүруге тыйым салынады. Бұл туралы 13.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.Енді Сергек камералары бағдаршамның сары белгісінде жүрген көліктерді анықтап, жүргізушілерге айыппұл салады. Өйткені жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болады.
Әзірге тыйым елдің екі ірі қаласы – Астана мен Алматыда болады.
«Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл белгі енді тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заң бұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынады», – деді Астана полиция департаменті.
Еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте әзірге мұндай тәртіп жоқ. Бірақ полицейлер сәуір-мамыр айларында шымкенттік жүргізушілерге де осы үшін айыппұл салынатынын айтты.
Енді бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады, ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылықты қайталаса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.
Бұл жаңашылдыққа тұрғындардың көзқарасы әртүрлі. Бірі мұны орынсыз деп есептесе, енді бірі дұрыс деп бағалады.
«Бұл қажет емес. Қалада қазірдің өзінде кептелістер бар. Кейде көше қиылысында кептелісте қалсаңыз, бағдаршамның сары белгісінде бұрылуға тура келеді», – дейді астаналық Рустам.
«Мен бұл заңмен келісемін, өйткені соның кесірінен көптеген адамдар жол апатына ұшырайды. Тұрғындар асығыс, ешкімге жол бергісі келмейді. Қазір жолда жүру мәдениеті төмендеді», – дейді Астананың тұрғыны.
Автокөлік заңгері Руслан Жанпейісов сары белгіден өтуге тыйым бұрыннан барын айтады.
«Жасыл белгі қозғалысты білдіреді, ал сары белгіде жүргізуші қозғалысты аяқтап, тоқтайды, бұл ереже көптен бері күшінде. Ал бұл үшін айыппұлдың енгізілуі жолда жүру мәдениетіне оң әсер етеді деп ойлаймын», – деді ол.

Previous Post

"Қыздар арам екенсіңдер": Қазақ жігіттері 8 наурызда тарту еткен сыйлықты сатып жіберген аруларға ренішін айтты

Next Post

РУХ САРДАРЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі