«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының «КІТАП-AMANAT» орталығы мен қалалық білім басқармасы және Абай кітапханасымен бірлесе отырып, «Кедергісіз келешек!» партиялық жобасы аясында Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғимаратында «Инклюзия: теориялық және практикалық аспектілер» атты республикалық конференция ұйымдастырылды.
Конференция барысында «КІТАП-AMANAT» орталығының психология, дефектология, педагогика, инклюзия саласындағы еңбектер мыңнан астам педагогтарға таныстырылып, кітаптар назарларына ұсынылды.