13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕРІ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

5 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕРІ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

 

 

 

Шымкентте қайтарымсыз грант иегерлерінің өнімдері ұсынылған көрме-жәрмеңке өтуде. Іс-шарада 150-ге жуық шағын және орта бизнес өкілдерінің өнімдері ел назарына ұсынылып отыр. Мұнда ұлттық киімнен бастап, қызмет көрсету сервисі , кондитерлік өнімде бар.

Жәрмеңкеге қатысқан қала әкімі шағын және орта бизнес өкілдерінің жобаларымен танысты. Ұлттық киім тігумен айналысатын кәсіп иесі шаһар басшысына арнайы тақияны сыйға тартты. Ғабит Сыздықбеков кәсіпкерлерді қолдау жобасы биыл да жалғасатынын айтты. Шымкентте бөлшек салықтың арнайы салық режим мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету туралы шешімін қабылданған болатын. Бұл — кәсіпкерлікті көлеңкелі экономикадан шығаруға мүмкіндік береді – дейді шахар басшысы.

Грант иегерлерінің өнімдерін таныстыру және олармен келісім шартқа тұру жұмыстарын жүргізу үшін жәрмеңкеге Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы, «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері,  білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қатысты. Жәрмеңкеде арнайы ақпараттық бұрыш жасақталып, онда «Халықты жұмыспен қамту орталығының» мамандары келушілерге тегін кәсіби оқу, тұрақты жұмысқа орналасу, субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алу бойынша кеңестер береді. Өткен жылы қаламызда 452 адамға бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін қайтарымсыз грант берілген. Биыл да 426 адамды қаржылай қолдау жоспарлануда. Десе де, мониторинг жұмысы барысында қаражатты мақсатсыз жұмсағандар да анықталған. Қазір мемлекет қаржысын өндіру шарасы жүргізілуде, — дейді жауаптылар.

Жәрмеңкеге шағын несие алып, өз кәсібін ашқан, қысқа кәсіптік оқытуға қатысып, жұмысқа орналасқан азаматтар да қатысты. Шаһар тұрғындарына өз өнімін ұсынғандардың бірі арнаулы киім мен униформа тігетін фабриканың иесі. Кәсіпкердің айтуынша, тігін цехында түрлі жоба негізінде 6 адам жұмыспен қамтылған. Ал олардың жалақысы мемлекет тарапынан субсидияланады екен. Қазірдің өзінде кәсіп иесі тігіншілерді жұмысқа қабылдауға дайын екенін айтады.

Айта кетсек, өткен жылы шаһарда 263 адамға респубикалық бюджет есебінен 2,5 пайызбен шағын несие берілген. Ал биыл кәсібін бастауға ниеттенген 273 азамат аз пайызбен несие алуға мүмкіндік алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту жобасы іске асқалы, дәстүрлі түрде өтетін жәрмеңкеге қатысатын кәсіпкерлер саны да жыл сайын артып келеді.

Азиза Мадияр, Сұлтан Бақытжанұлы 13 KZ

Previous Post

Қазақстанда көктемде сұйытылған газдың бағасы көтеріледі

Next Post

Шымкенттің сауда орталықтарында мемлекеттік қызметтерді алуға болады

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі