13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттің сауда орталықтарында мемлекеттік қызметтерді алуға болады

6 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Шымкенттің сауда орталықтарында мемлекеттік қызметтерді алуға болады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттің сауда орталықтарында connection point бұрыштары ашылды. Енді тұрғындар қаладағы екі сауда орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағынан электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Әр сектор қажетті құралдармен жабдықталған, келушілер электрондық үкімет порталы мен басқа да мемлекеттік ресурстарға кіре алады. Мекенжайыңызға жақын орналасқан секторларды 2gis бағдарламасы арқылы табуға болады.
Айта кетер болсақ, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу, некені тіркеу үшін өтініш беруге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға және т.б. сия
қты танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.
«Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады», — деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кету керек, бүгінге дейін Шымкенттегі сауда орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 300-ден астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін сауда орталықтардың мекенжайларының тізбесі:
«Tolebi» СО Асар 2 ы/а, 12Б
«Бекжан-комфорт» ССК Жиделібайсын көш., 92

Previous Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕРІ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Next Post

Шымкентте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының мердігерлері мен тауар өндірушілер кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі