13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда көктемде сұйытылған газдың бағасы көтеріледі

5 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Қазақстанда көктемде сұйытылған газдың бағасы көтеріледі
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев биыл көктемде сұйытылған мұнай газының бағасы көтерілетінін айтты. Министрдің пікірінше, қазір автогаз өндірісі елдегі төмен бағаға байланысты шығынға ұшырап жатыр.Министрдің айтуынша, газдың қазіргі бағасы саланы шығынға ұшыратады. Қаражат жетіспегендіктен тұрақты жөндеу жұмыстары жүргізілмей, жаңғыртуға қаражат инвестицияланбайды.
«Шамамен 5-8 теңгеге көтеру жоспарланып отыр», – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Министр автогаз бағасының өсуі осы жылдың көктемінде жоспарланып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының ең төмен бағасы — өңірге байланысты 54-86 теңге аралығында.
Ол өзге елдерде, мысалы Ресейде бір литр газдың бағасы 165 теңге, Қырғызстанда 159 теңге, Әзірбайжанда 171 теңге, Тәжікстанда 273 теңге екенін салыстыра жеткізді.
“Ел халқының ішкі қажеттіліктерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында министрлік пен «Теңізшевройл» ЖШС арасында ай сайын 20 мың тонна сұйытылған мұнай газын жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Бүгін «QazaqGaz «ҰК» АҚ және Солтүстік Каспий жобасының акционерлері 2024 жылдың соңына дейін көлемі жылына 700 мың тоннаға дейінгі Қашаған сұйытылған газын сатып алу-сату шартына қол қою мәселесін пысықтап жатыр”, – деп қосты министр.

Previous Post

Әлем бойынша Facebook пен Instagram желілері істемей қалды

Next Post

ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕРІ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі