13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мәслихат төрағасы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

1 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Мәслихат төрағасы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов Шымкент қаласындағы облыстық мәслихаттың өкілдігінде Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымымен кездесті. Кездесуге облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаев, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония директорының міндетін атқарушы А.Өтегенова және осы мекемеде жұмыс жасайтын өңірімізге белгілі мәдениет саласының қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында облыстық филармония ұжымының өтініші бойынша оларды Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіргенде  арнайы ғимаратпен және пәтерлермен қамту мәселесі талқыланды. Бұл ретте, мәдениет саласының қайраткерлері Түркістанда пәтер жалдап тұру ауырға соғатындықтарын жеткізе отырып, осы мәселені оңтайлы шешуді сұрады.

Облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов облыстық филармония ұжымын Түркістан қаласына көшіру жұмыстары әзірге тоқтатылып, алдағы уақытта пәтер және ғимарат мәселелері толыққанды шешілгеннен соң кезең-кезеңімен көшірілетіндіктерін жеткізді.

Сонымен қатар, бүгінде филармония ұжымын орналастыруға ғимарат және пәтер бөлу  мәселелерін шешу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.

Өз кезегінде, филармония ұжымы пәтер мәселесі шешілгенге дейін Шымкент қаласында жұмыс жасау туралы шешіммен келісетіндіктерін жеткізді.

Айта кетсек, 60 жылдан астам тарихы бар облыстық филармония ұжымының штат саны 247, оның 169-ы шығармашылық қызметкерлер болып табылады.

 

Түркістан облыстық мәслихаты

Previous Post

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: 300-ДЕН АСА ТҰРҒЫНҒА КӘСІПКЕРЛІК БАҒЫТЫНДА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

Next Post

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу: Еліміздегі мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгермейді

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі