13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу: Еліміздегі мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгермейді

2 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу: Еліміздегі мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгермейді
Share on FacebookShare on Twitter

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты мектептегі сабақтың басталу уақытының өзгеруіне қатысты сауалға жауап берді.

Министрліктің баспасөз қызметі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмыс уақытын белгілеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретінін атап өтті.
«Өңірлердің білім басқармалары ұсынған ақпаратқа сәйкес сабақ бекітілген қолданыстағы кестеге сәйкес басталады. Сабақ еш өзгеріссіз штатты режимде жалғасады», – деп атап өтті оқу-ағарту министрлігі.
Сонымен қатар оқу процесін оңтайлы ұйымдастыру үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкенттің білім басқармаларына білім мекемелерінің басшыларына, педагогтар, оқушылар және олардың ата-анасына түсіндіру жұмысын жүргізіп, ел аумағындағы уақыт белдеуінің өзгеретінін хабардар етуге кеңес берілді.
Еске салайық, үкімет қаулысына сәйкес 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу (UTC+5) белгіленді. Сонымен қатар бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң көп қазақстандықтардың цифрлы құжатындағы туған күні өзгеріп кеткенін жаздық.

Previous Post

Мәслихат төрағасы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

Next Post

TikTok түсіргені үшін өзіңе пышақ тық деген": Түркістан облысында үш баланың анасы күйеуін өлтіріп, бөлшектеп тастаған

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі