13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: 300-ДЕН АСА ТҰРҒЫНҒА КӘСІПКЕРЛІК БАҒЫТЫНДА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ

1 марта, 2024
in Жаңалықтар
0
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: 300-ДЕН АСА ТҰРҒЫНҒА КӘСІПКЕРЛІК БАҒЫТЫНДА КЕҢЕСТЕР БЕРІЛДІ
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін қала әкімдігінің бастамасымен «Көрме» орталығында тұрғындар мен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар бойынша түсіндірме жүргізілуде. Бағдарламаларға енгізілген өзгерістерді жеткізу мақсатында ұйымдастырылған шарада қолдау шарттары таныстырылып, заңгерлік, бухгалтерлік кеңестер берілді.
Биылғы жылы қайтарымсыз гранттар ережесіне бірқатар өзгерістер енгізіліп отыр. Конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген бизнес субъектілері ғана қатыса алады. Тізілімге енгізілетін кәсіпкерлерге жаңа талаптар бекітілген. Сонымен қатар банк несиелерін субсидиялау экономиканың басым секторларына жататын өңдеу өнеркәсібіне бағытталып отыр. Несиелендіру мерзімдері алғашқы 3 жылда — 8 %, 4 жылы — 9 %, 5 жылы — 10%. Қызмет көрсету саласы бойынша субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға қысқартылды. Несиелендіру сомасы микро бизнес – 20 млн теңгеге дейін, шағын және орта бизнес – 3 млрд теңгеге дейін, ірі бизнес өкілдері үшін – 15 млрд теңгеге дейін рәсімдеуге болады.
Іс шараға ауыл шаруашылығы және ветеринария, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, туризм және сыртқы байланыстар, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы», екінші деңгейлі банк өкілдері, «Shymkent» ӘКК» АҚ, «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймағы, «Сауда-логистикалық орталығы», «Атамекен» палатасының мамандары қатысты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС КЕРУЕНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

Мәслихат төрағасы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі