13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«0,5 мл Coca-Cola құрамында қанттың 10 тәуліктік дозасы бар»: Қазақстанда газдалған сусындардың бағасын өсіру ұсынылды

22 февраля, 2024
in Жаңалықтар
0
«0,5 мл Coca-Cola құрамында қанттың 10 тәуліктік дозасы бар»: Қазақстанда газдалған сусындардың бағасын өсіру ұсынылды
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылы 22 ақпандағы сенат отырысында денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елімізде қант қосылған сусындарға акциздерді көтеру жөнінде ұсыныс айтты.Айжан Есмағамбетова зерттеулерді негізге ала отырып, қазақстанда семіздік пен қант диебетімен ауыратындардың өсіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол балалар арасында семіздіктің өсу қарқынын баса айтты.

«Артық салмақ бұл созылмалы аурулардың одан әрі дамып кетуіне ықпал етеді. Егер қателеспесем, 0,5 мл Coca-Cola құрамында қанттың 10 тәуліктік дозасы бар екенін көреміз. Шартты түрде, бала бұл сусынды ішіп, он есе қажеттілікке ие болады. Бұдан бөлек, барлық өнімнен қант алатынымызды бәріміз білеміз», – деді вице министр.

Айжан Есмағамбетованың сөзінше, құрамында қант бар сусындарға акциздерді көтеру идеясын денсаулық сақтау министрлігі өзі ойлап тапқан жоқ. Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы екенін тілге тиек етті.

Қазақстанда кейбір дәрі-дәрмектер 100 пайызға қымбаттайды

Қант диабеті мен семіздік көбейді: Қазақстанда тәтті сусындар қымбаттамақ

«Көптеген елде бұл акциздер енгізілді. Қант қосылған сусындарға салынатын салықтар тұтынуды азайтуға мүмкіндік беретін шаралардың бірі. Әрине бұл шараларға қосымша таңбалауды енгізу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын міндетті жүргізу және ең бастысы – балаларда тамақтану әдеттерін қалыптастыратын ата-аналармен жұмыс істеу керек болады. Тамақтану ережесі балаларда бес жасқа дейін қалыптасады. Бұл ата-аналардың өздеріне, отбасы ішінде және одан тыс жерлерде тамақтану ережелеріне мысал», – деп атап өтті Айжан Есмағамбетова.

Еске салайық, 2024 жылы 21 ақпанда сауда министрлігінің басшысы Қазақстандағы өнімдерге түсті таңбалауды енгізу керегін айтқан еді.

Previous Post

Депутат: Алматыда жер сілкінген кезде мүгедектігі бар қазақстандықтар ақпараттан тыс қалды

Next Post

МӘМС арқылы сақтандырылмаған қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі берілмей ме – Министр ұстанымын айтты

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі